Менің Ата-анам бар

  Менің ата-анам бар
Ештеңем жоқ алаңдар
Анам келсе жұмыстан
Үстел толы тағамдар
Бауырсақта пісіреді
Кәмпиттіде қояды
Кәмпиттерді тығып жеп
Менің қарным тояды.  

Тақпақтар
Толық

Мысығым мен күшігім

Мынау менің мысығым
Анау менің күшігім
Бір-бірінен аумайды
Ұқсастығы түсінің
Мысығым үйден шықпайды......
Тақпақтар
Толық

Ана тілі туралы тақпақтар мен өлеңдер

Ана тілі

Ойлады ма болсыншы деп тіл аман,
Сонда ғана деді ме ұлт боп құралам.
Сонау жылы тіл мәртебе алғанда
Көзіме жас алдым дейтін бір адам.

Тілдің жайын бар жанымен ұғыпты,
Ана тілі - перзенті үшін тұнық-ты.
Сол перзенттің тіл деп соққан жүрегі
Қуаныштан сонда егіліп тұрыпты.

Ұрпақ үшін кемімеген бағаң да,
Алаңдасаң, тілің үшін алаңда.
Сол кезеңде қайран тілі халқыңның,
Тұрыпсың-ау көз жасы боп жанарда.

Қуанышыңды өз перзентің бірге ұқты,
Жақсы күнді қызың тосып, ұл күтті.
Сонда тілім өрледі деп қуанды,
Содан бері ширек ғасыр сырғыпты.

Ширек ғасыр - өтсе уақыт бедері,
Жүзеге асты кейбір іс те келелі.
Мына әлемде өзің барсың, ана тіл,
Сен бар жерде ұлтың да аман келеді.

Ғабиден Қожахмет .....
Әңгімелер
Толық

Қызылорда

  Ақ күріштің мекені,
Сыр елінде өстім мен!
Осы елдің ауасы,
Ерекше маған сезілер.  

Тақпақтар
Толық

Мектебім

Мектебім менің мектебім,
Төрінде тұр өлкенің.
Ұстаздар мен балалар,
Ұқсайды гүліне көктемнің.
Тақпақтар
Толық

Анашым

Айналайын анашым,
Қандай жақсы әлемде,
Мейірімді көзіңе,
Қызығады әр бала.
Тақпақтар
Толық

Отбасым

Анам менің ардақты,
Ақ сүтін маған берген.
Әкем менің жан жақты,
Үйге табыс әкелген.
Атам менен әжем бар,
Тәрбиемен өсірген.
Кіп-кішкентай сіңілім,
Олда қолдау көрсеткен.
Отбасымды оп-оңай,
Теңеймін мен алтынға.
Тақпақтар
Толық

Мұғалім

Мұғалімдер күні бүгін,
Күні ұстаздардың шаттанған,
Шәкіртіне дем бергізген,
Жетелеген армандарға.
Тақпақтар
Толық