file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Тағдыр тауқіметі (5 бөлім)

Аяулым киімдерін қалай қолына іліксе солай киіп алды да алды артына қарамай ол қарғыс атқыр үйден қашып шықты.Көйлегінің әр жері қызыл-қызыл қан жұққандай көрінді,бірақ есін жинай алар емес жүгіре берді жүгіре берді.Аяқтары да ырқына көніп тез жүрші деген жалынышты үнін тыңдамай шаршап,талып барады.Бір-екі сағатқа ғана алатын жалдамалы пәтер екенін қалай ғана білмеді екен?Қайдан білсін ақымақ қыз ондайды өмірінде көрмеген.Кейін ғана байқады.Білгенмен не пайда бәрі кеш еді.Солай ағыл-тегіл жылап келе жатқанында бір көлік келіп бейкүнә қызды қақты да кетті.Ең өкініштісі ол көлік жүргізушісі адам қаққанын біле тұра тоқтамастан зуылдап өтіп кетті.Қыз ес-түссіз.Көйлегінің кей жерлері ғана емес қазір қыздың жатқан жері түгелімен қып-қызыл қанға боянды.Машиналар әрлі-бері өтіп жатыр бірақ жолдың шетіне қарай шығып қалған қызды ешкім байқар емес. Аяулымның есі бір кіріп бір шығып жатыр.Бір керемет бөтен әлемде жүргендей.Аспанда ұшып қалқып жүр.Бала кезіндегі құрбысы Айсулуды көрді.Бұлттан бұлтқа секіріп ойнап жүр.Еш алаңсыз.еш мұңы жоқ.Қайран жастық шақ! Осы бір тамаша жап-жарық әлемде Аяулым анаадай ұзақ жерден әкесімен анасын көрді.Тездетіп жандарына баруға асықты.Қолын созып жүгіріп келеді,жүгіріп келеді.Бірақ жете алар емес.Оларды көріп қатты жылап келеді. «Әке, апа қатты сағындым ғой сіздерді.мені құшағыңа алшы, әкетайым мені еркелетші әкешім тоқташы қайда кеттіңдер.Мен жете алар емеспін апа күте тұршы қазір жетемін күңіздерші.Мені тастамашы анашым бірге ала кетші.Қайда барасыздар, сәл күтіңіз жетемін ғой.Әке, апа тастамашы.. күтші..» Осылай сандырақтаған күйінде аурухананың бір бөлмесінде жатып көзін ашты.Жанында баяғы досы сырласы Азаматы отыр екен.Көзінен көп мейірімділік байқалып тұр.Аяулым тағы да көзіне жас алды.Екеуі үнсіз түсініскендей бір-біріне қарап отырды.Азамат Ауялымның қасында болды.Толық болмаса да өзі жүре алатындай халге жетіп Аяулымды Азамат ауруханадан алып шықты.Қыз болған жағдайдың бәрін айтып берді. Азамат бәрін түсініп Аяулымды ағасына алып барды.Ағасы да біраз өштеніп кектенгенімен қолынан келер шара балмады.Азамат Ерліктен рұқсат сұрап Аяулымды сол баяғы тыныш ауылға ертіп алып кетті.Жеңіл ескі көлікпен келген екен қайтар жолда екеуі аздан-аздан сойлесіп отырды.
- Қалайсың ағаңды көріп жақсардың ба Аяулым?.....
Махаббат хикаялары
Толық