Тағдыр тауқіметі (1 бөлім)

Оқу жылы аяқталып қалған болатын. Аяулым бүгін бір ерекше көңілді еді.Себебі барлық сабағын өте жақсы деген бағаға аяқтап сүйікті ата анасынан сүйінші сұрауға асығып бара жатқандай.Үлкен ағасы Ерілікке де балмұздақ,шоколад алып бер деп еркелеп мойынына асылатын болдым деп қуанышы басылар емес.Бірақ Аяулымның бұл қуанышы ұзаққа бармады.Себебі, ол үй ауласына жақындағанында есік алдындағы бөтен,топырлаған адамдарды көріп кілт тоқтай қалды. Есін жинай алмай абдырап тұрғанын жанына жедел жәрдем көлігі келгенде ғана байқады.Жалма-жан ішке қарай беттеді.Өз көзіне өзі сене алар емес.19 жыл өмірінде ол кісілерден артық, ол адамдардан жақыны болмап еді ғой.Тіпті ағайын туыстарымен деп жөнді араласпайтын үйдің ерке қызы не жыларын не күлерін білмей қалды.Мәпелеп өсірген әкетайы мен анасы ана өмірге аттанып кетіпті.Қалай дейсіздер ма?Аяулым ешнәрсе білмегенімен әкесіның үлкен көлемде қарызы болған көрінеді.Жанкесер жауыздар сол қарызының өтеміне Ауялымды тұл жетім етіп зар еңіретіп жылатып қалдырған екен.Басқа салса көнесің демекші.Күндер өтті, айлар өтті.Әке-шешесін жер қойнауына тапсырып Аяулым жалғыз қала берді.Ал ағасы Ерлік сол үлкен қазадан кейін көрінген жоқ.Ағасы қайда?не істеп жүр?неге келмейді? Аяулым бұл сұрақтарға жауап таба алмады.Оқуды тастап кетті.Ата-анасынан қалған кішкентай шағын үйде жалғыздан жалғыз тұра берді.Туған туыстар тек 40 күндік намазысын берісімен алыстап кетті. Осылай жүріп 4 ай уақыт өтті.Ауялым үйінен тәтті нан, шелпек пісіріп вокзалға барып сатып, солай ақша тауып күн көрді.Күн жексенбі еді.Аяулым ол күні жұмысына бармады.Үйін тазалап, кілемдерді қағып біраз тазалықпен айналысты.Кеш бата дүкенге шығып қайтар жолда.Жанына бір шетел иномаркасы келіп тоқтады.
- Сәлем қарындас. Қайдар деген кісінің үйін іздеп жүр едім.Осы маңда деп түсіндіріп
еді.Жол көрсетіп жібермес пе екенсіз?.....
Махаббат хикаялары
Толық