file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қарағанды облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанды

"Балқаш-Қарағанды" тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанды.

жаналык жарар

Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков мәлімдеді.

"13 тамыз күні таңертең "Балқаш-Қарағанды" автожолының шетіндегі "Вираж" мейрамханасы маңында, Құрма ауылынан 2 шақырым жерде, Балқаш қаласына бара жатқан "Фольксваген Пассат" автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолға шығып, "Ауди-80" автокөлігімен соқтығысып қалды. Ауди көлігін Шет ауданының 27 жастағы тұрғыны басқарған", - деп хабарлады Жанатай Сембеков.

ЖКО салдарынан "Фольксваген Пассат" жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушылары 24 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.

Ал 32 жастағы әйел мен 14 жастағы қызға оқиға орнында көмек көрсетілді. "Ауди" автокөлігінің жүргізушісіне де сол жерде медициналық көмек көрсетілді, ал 23 жастағы жолаушы қыз ауруханаға жатқызылды.

Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
Толық

Тілашар тойына құттықтаулар мен тілектер

Шаттыққа толы болсын келер күндер,
Нұры ғой көзіміздің көгершіндер.
Аман қыл құртақандай құлындарды,
Аруақтар, желеп-жебеп жүресіңдер?!

Адамдар артқан екен ұрпаққа үміт,
Солардың арқасы ғой, тұрсақ күліп.
Еңбектеп....

Құттықтау, тілектер
Толық

25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Бастауыш | Бір белестен өттіңдер!)

Сценарий тақырыбы: «Бір белестен өттіңдер
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Математика, Бастауыш | Сан есім

Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: Сөз табының бір түрі сан есім туралы білімдерін жетілдіру.
• сан есімнің тұлғасына, мағынасына және құрамына қарай түрленуіне арналған жаттығулар орындату арқылы сан есім сөздердің өмірде қолданылуы жайлы түсініктерін кеңейту;
• ой-өрісін, зейінін, логикалық ойлау қабілеттерін ,дүниетанымын дамыту;
• адамгершілікке, елжандылыққа,ұлттық тарихи құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: шығармашылық-танымдық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, жеке жұмыстар,ой қорыту, танымдық ойындар, ізденушілік жұмыстар.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, домбыра, суреттер,цифрлардың таңбалары.
Ашық сабақтар
Толық

Математика, Бастауыш | Екіні қосу және азайту

Сабақтың тақырыбы: екіні қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: кестелік жағдайларда 2 санын қосу және азайту тәсілдерін таныстыру.
• 2 санын қосу және азайтуды үйрету, санды қосу және азайтуда амалды таңдай алу білігін жетілдіру;
• Ауызша есептеу дағдыларын, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, қиялын дамыту;
• Математика пәніне қызығушылыққа, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.
Көрнекіліктері: сандар, слайд, плакаттар, суреттер.
Ашық сабақтар
Толық