Физика | Жер планетасының эволюциясы

Жерді Күн жүйесінің планетасы және аспан денесі ретінде қарастырсақ, ол диск тәрізді айналып тұрған газды - шаңды бұлттан 4,7 млрд жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезде осы бұлттың температурасына деген көзқарас бойынша зерттеушілердің бірнеше тобын көрсетуге болады. Олардың бір тобының ойы бойынша (В. Гольдшмидт, Г. Джеффрис, В.Г.Фесенков және т.б.) протопланеталық бұлт ыстық болған десе, ал зерттеушілердің екінші тобы (В.И.Вернадский, О.Ю.Шмидт, Р.Руби, А.П.Виноградов және т.б.) бұл бұлт суық болған деп есептейді.....
Рефераттар
Толық

Психология | Даралық Жеке адам Тұлға және оның қалыптасуы

Табиғаттың сырына үңілген сайын, қоршаған орта туралы неғұрлым көбірек білген сайын, олардың ғажаптығы бізді бұрынғыдан да таңдандыра, тамсандыра түседі. Қоғамдағы адамның мәнін ашуға көмектесетін ұғымдар бар. Олардың негізгілеріне даралык, жеке адам (индивид), тұлға ұғымдары жатады.
Даралықтың сипаты. Даралық (лат. indivituum — бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңестіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге "даралықтан" мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз.
Бұл қағида адамдарға да қатысты. Бірін-бірі барлық жағынан толық қайталайтын, бірі екіншісінен айнымайтын адамдар да болмайды. Тіпті егіздердің өздері бір-біріне ұқсас болып көрінгенімен, ата-анасы немесе достары оларды оңай ажырата алады.
Даралық қарастырылып отырған дербес өмір сүруші организмнің ата тегінен иеленген және даму жолында қабылданған қасиеттерінін өзінше үйлесіл келген,, өзіне тән нышандарын сипаттайды. Даралық — генотиптік және фенотиптік ерекшеліктерден көрінетін онтогенездің нәтижесі. Психологияда даралық проблемасы, ең алдымен, жеке адамның тұтас мінездемесімен — оның барлық қасиеттерінің, ойларының, сезімдерінің, еркінің, құлшынысының, зауқының, қажеттіліктерінің, уәждерінің, мүдделерінің, көңіл ауанының, мұңының, әрекетінің, қылықтарының, әдеттерінің, икемділіктерінің, қабілеттерінің т.б. ерекшеліктерінің төлтума көптүрлілігімен байланысты қойылады. Осылардың нақты қабысып келуі әрекет үстіндегі "Мен"-нің бірегей тұтас құрылымын түзеді. Осыған байланысты даралық қарастырылып отырған адамға тән белгілердің жиынтығы ретінде сипатталады. Даралану адамның қарым-қатынас кезіндегі тәртібі арқылы, сол сияқты олардың іс-әрекет үстінде қабілеттерін керсетуі арқылы жүзеге асырылады.....
Рефераттар
Толық

Психология | Дағды және оны қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері

Қозғалыс, әрекет, іс-әркет. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Іс-әркет арқылы адамның рухани өмір байлығы; ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады.
Іс-әрекет үтінде сана қалыптасады. Сана әс-ірекет кезінде қалыптаса отырып, сол іс-әркеттен көрінеді де. Мұғалім оқушының жауап беруі мен тапсырманы орындауынан қарай оның білім дәрежесі жөнінен пікір түйеді. Оқушының оқуын талдай отырып, мұғалім оның қабілеті, ойлау ерекшелігі мен есте сақтауы жөнінде қорытынды жасайды.
Іс-әрекеттік категория. Жануарлар үшін қоршаған ортаның талабына организмнің биологиялық тұрғыдан икемделуін көрсететін өмір кешу ғана тән. Іс-әрекеттің қандай түрі болса да қозғалыс күйінле өеді: мейлі ол жазу жазғандағы станокта еңбек операциясын орындаған кездегі қолдың бұлшық еттерінің қозғалысы бола ма немесе сөз сөйлеген сөйлеу аппараттарының қимылы мабәрібір. Іс -әрекеттің негізгі сипаттамасы болып—оның мағыналығы саналады. Іс-әрекеттің мағынасыз болуы мүмкін, бірақ іс-әрекетті ғылыми зерттеу болуы мүмкін, бірақ іс-әрекетті ғылыми зерттеу оның мағынасының ашылуын талап етеді.
Іс-әрекет-тарихи қоғамдық дәреже. Кез келген іс-әрекет қоғам әрекетімен үздіксіз байланыста, кез келген жеке адам-басқа адамдармен байланыста болады. Жекелеген іс-әрекет қоғамдық байланыстар мен қатынастардан тыс бола алмайды, жекелеген іс-әрекет қоғамдық әрекеттің құрамды бөлшегі ғана болғандықтан, оны талдауды осы іс-әрекеттің қоғамдық өмір жүйесіндегі қызметін зерттеуден бастау керек. Психологияны жекелеген іс-әрекеттің несі қызықтырады? Оның сараптамасының объектісі болып-іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі жеке адам санаады. Жеке адам қандай да бір іс-әрекетті орындай отырып, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды, зейін салады, оның үрдісі кезінде адамда эмоциялар көзқарастар қалыптасады және тағы басқа. Егер жеке адамда әрекетті қоздырушы мативтер болмаса, оның мақсаты болмаса, өзінің әрекетіне себеп болатын нәрселерді немесе мадельдерді қабылдамаса, егер ол нені қалай істеу керек екендігін есінде сақтамаса онда іс-әрекет жүзеге аспайды. Қысқаша айтқанда, психологичлвқ деп аталатын, адамның күйлерінің, ерекшеліктерінің және үрдістерінің жүйесі іс-әркетте білінеді, дамиды қалыптасады.....
Рефераттар
Толық

Әдістемелік жұмыс: Математика сабағында оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру

Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту 2011-2020 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде білім беру ісіне жылдан-жылға үлкен көңіл бөлінуде. Елбасы Жолдауындағы ең маңызды көтерілген тақырып, ол білім мәселесінің қаралуы. Білімді жоғары сапаға көтеру арқылы заманауи білім беруді қалыптастыру. Оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін белсене дамытудың керектігін айтады. Осы Жолдауды қолдай отырып оқушыларымызға сапалы білім беру жолында еңбек етеміз деп сенемін.
Бiлiм беру мазмұны - жеке адамның бiлiктiлiгi мен....


kz
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы

Республикамызда нарықтың қарым – қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан, тәуелсіз және тең құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру ен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты . Бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі бөлігін мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып, оларды акционерлік, кооперативтік және тағы басқа кәсіпорындарға айналдыруда қажет етеді.
Қазақстан Республикасының “Меншік туралы заңының” біршама ерекшеліктері бар. Сөз болып отырған заң – алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап берді. Сөйтіп біздің республикамызда да меншіктік алуан түрлілігіне тұңғыш рет заң жүзінде рұқсат берілді. Сондай-ақ осы құжатта меншіктің бір түрін екінші бір түріне өзгерту мүмкіндігі және оның аралас түрлерінің болатындығы да ескерілген. Сол себепті бұл Заңда отбасы мен шаруа қожалығына, кооперативке, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерге, қоғамдық ұйымдар мен қорларға, діни ұйымдардың меншіктеріне аранлған арнайы баптар бар.....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Жеке тұлғаның мәдениетінің қалыптасуы – қазіргі педагогиканың негізгі міндеті

Жеке тұлға туралы түсінік. Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жай жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен калыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспсктілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан.....
Рефераттар
Толық

Педогогика | Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы

Педагогика "жеке тұлға" деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда "адам", "жеке тұлға" деген ұғымдардың қатары "даралық" деген ұғыммен толықтырылуы қажет?
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.....
Рефераттар
Толық

Психология | Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері

Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр - жастар ғасыры емес пе? Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек, ескі дүниемен қазіргі жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады? Мысалы, еңбек пәніне 51 сағат бөлінсе,оқушылардың жас шамасына қарай қолөнер бөлімін де ұтымды пайдалана білуге болады. Егер кітаби жоспарды құру менің үлесіме тисе, бұл сағаттарды мен мына түрде жүзеге асырар едім, мәселен, 7-сыныптың сабақ жоспарын төмендегідей ұйымдастырған тиімді деген сенімдемін: Сұраныс бар жерде, қолөнердің өріс алып, өркен жаятыны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздік алғалы қолөнер біршама еленіп, өз беделіне ие бола бастады. Қазақ өзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, байытушы, жаңғыртушы. Қорыта айтқанда нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның эстетикалық сезімін оятып, ізгілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастырады.....
Рефераттар
Толық

Психология | Жеке адамдардың қалыптасуы мен дамуы

Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғам мүшеі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.
Жеке адам сондай- ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма- осылардың бәр- бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Жеке адамды қалыптастыру

Қоғамдағы тәлім - тәрбиенің өзекті мәселесі – адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау - жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсатты.Еңбек - адамның іс- әрекетің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс- әрекеттің екінші түрі - оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Ойын- адамның негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесін шынықтырып, әралуан қимыл – қозғалыстарың жетілдіреді ....
Рефераттар
Толық