file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Күләш Ахметова (Табиғат даусы)

Дауыстар:
Сыңғырлы,
Сүйкімді.
Дауыстар:
Мың түрлі,
Сиқырлы,
Бөледі
ойымды,
Көңілімді.
Бұзады
Тыншымды,
Ұйқымды.
Самал жел,
Шашымды тарама.
Думанды бақтарды арала!
Жапырақ түн бойы жана ма?
Жайдары жаз өтіп бара ма?
Дір еткен...
Шық қонған гүл шығар,
Гүлдерді тербетіп Күн шығар.......
Өлеңдер
Толық