Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін....
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Салтанат
Тәрбие сағат тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім Тәрбие сағат мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп География пәні мұғалімі. Нұрмұханова Қарылғаш Бақтиярқызы
Тәрбие сағат тақырыбы: Біздің Елбасымыз Тәрбие сағат мақсаты: 1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев атты стендтер, Елбасының портреті, оқушылар шығармасы.
Құрметті оқырмандар 1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні құтты болсын! Соған орай Нұрсұлтан Назарбаев, Елбасы, президен туралы өлеңдерді жарияладық. Сіздерге ұнайды деп ойлаймыз!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I cанатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы
Тәрбие сағат тақырыбы: Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік
Тәрбие сағат мақсаты: а) оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 15 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенінұғындыру. б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.
Желтоқсан 1986 – халықтың жас ұрпағының қозғалысы. Ол айдарына қарғыс танбасы басылған М.Горбачевтың «Қайта құру» бағдарламасын шын мәніндегі жаңғырту заманасы екен деп алданған ұлттың жас өкілдері еді. Желтоқсан қозғалысы қаһарлы да қасіретті үш күн ішінде бірнеше сатыдан өтті. Бірінші саты желтоқсанның 16-нан 17-іне қараған түні. Қазақ ССР Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша, сол күнгі түні қаланың алты оқу орындарының және С.М. Киров заводының 8 жатақханасында, Театр көркем өнер институтының 12 студенті «арандатуға бағытталған іріткі салу жұмысын жүргізді». Олар «жастарды шеру жасауға көндірді, арандатуға бағытталған ұрандар мен плакаттар даярлап, көшеге алып шықты. Сол бір түнде болған қимыл, әрекет 1979 жылы маусымда Ақмолада (Целиноградта) неміс афтономиясына қарсы өткен акцияны еріксіз көз алдыңа әкеледі... Желтоқсанның 16-нан 17-не қараған түні толқу Ақмоладағы сияқты студент, жұмысшы жатардың жатақханаларында басталды. Ақмолада түнде жазылған транспоранттар мен сол түнгі жазылған транспорантттар үгндес, тіпті кейбірі сол күйінде қайталанды. Желтоқсанның 17 күні тәңертен аланға толқын-толқынымен жиналу әдісі де Ақмола оқиғасымен үндесті. Қалай болғанда да сол бір түнгі процестің басталу, өрбу динамикасын қалпына келтіру Желтоқсан тарихының ең бір қиын сәті екендігін мойындау керек. Желтоқсан қозғалысының сол бір түні жастар үшін толқу, тербеліс үміт кезеңі болатын. Көтерілістің екінші сатысы – желтоқсанның 17 -сі сағат 7-8-ден 18 сағатқа дейінгі кезең, бұл 200-300 адамдық шағын митингілерден мыңдаған адам қатынасқан митингілер, наразылық демонстрациясы, шеруі демонстранттар мен комсомол, партия басшыларының, оқу орындарының ректорлары мен декандарының, билік - әмірші күштердің өкілдерімен диалог болған кезең. Бұл әміршіл – командалық жүйе мен жас балғын демократияның бетпе-бет бейбіт жүздесу сәті, арбасу кезеңі. «Ленин идеясы жасасын», «Советтік Қазақстан жасасын», «Біз, қазақ, ежелден ансаған», «Да здравствует ленинская национальная политика», «Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!», «Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!», «Каждому народу своего вождя» деген жастар алып шыққан түбегейлі көкейкесті ұрандар былай алып қарағанда марксизм – лениизмнің қағидаларынан тұрған еді. Ол шындығында іс пен теорияның арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған -ды. Міне мұндай демократиялық ашық та айқынды, айшықты ұрандар астына реформатор жастар топтасты, олардың қатары 200 - 300 адамнан он мыңға өсті. Ал америкалық Хельсинки тобының деректері бойынша наразылық жасаушылар қатары 30 мыңға дейін жеткен. Ал Жоғары Совет Президиумы Комиссиясы демонстранттар қатары түске қарай 5000 адамға жуықтады деп жобалайды16. Комиссия қозғалысқа қатысқан адамдардың айтуымен, алаңдағы адам кешкі сағат 18-де 15 мыңға дейін жетеді деп шамалайды. Біздіңше көше-көше бойымен жүрген сәттерінде демонстранттар қатары бірнеше есе өсті. Өйткені, көше бойына шыққандар да өздерін демонстранттар қатарында санады, іштей жылылық танытты, еркіндік аңсаған ұлдары мен қыздарына сүйсінді. ....
Бүкiл әлем алдында құдiретi күштi «Қызыл Империяның» қаһарынан қаймықпай оның озбырлы - үстемдiк саясатына қасқайып, қарсы тұрған қазақ жастарының 1986 - жылғы Желтоқсан көтерiлiсiндегi жанкештi ерлiктерi қай елге де, қай мемлекетке де болмасын тағылымды да ғибратты үлгi - өнеге. Әйгiлi Желтоқсан көтерiлiсiнде Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбирадай боздақтар қыршынынан қиылса, жүздеген жастар темiр тордың ащы дәмiн татып мыңдаған азаматтар жазықсыз қудаланып, бiлiм ордаларынан шығарылып, қызметтерiнен қуылды. ....
1986 ж. ызғарлы және қанды күнінің өткеніне биыл 20 жыл толып отыр. Сол бір күні КСРО шын мәнінде құлдырады және Қазақстан мемлекеті егемендікке бір қадам жақындады. Желтоқсан оқиғалары туралы көп айтылып және жазылып келеді. Дегенмен, әлі де қозғалмай жатқан жайлар бар. Осы күнге дейін оның мәні мен мазмұнын, шын келбетін толығымен ашатын деректер мен құжаттар жарияланып, қалың жұртқа ұсынылмады. Сонымен қатар баспасөз беттерінде, ғылыми зерттеулер мен сұхбаттарда көбінесе Алматыда еткен оқиға талданып жүр. Ал шындап келгенде бұл оқига жалпы қазақстаңдық сипатта болған еді. Жастар наразылығы Алматыда басталып, ол Қазақстаннын көптеген аймақтарына, соның ішінде Қарағандыға да тарап кетті. Қарағандылықтар оңы сырттай бақылаушы болып қана қалмай, оған үн қосып, белсене ат салысты. Студенттер мен жұмысшы жастар алматылық құрбыларына жасалып жатқан қиянатты білсе де, тәуекелге бел буып, топтасып алаңға шықты, әділетсіздікті тыюды талап етгі. Жергілікті халық санын келімсектер әлденеше рет орап алғанына қарамастан, жалындаған жастарымыз қаймықпай, сол кездегі сыңаржақ саясатқа қарсы шықты. Алайда сол кезде облыс орталықтарында не болып жатқаны туралы ешкім жұмған аузын ашқан жоқ. Кейбіреулер сол жағдайды қозғап керегі не, ұмытсақ қайтеді дегенді айтады. Халықтар достығын нығайтып, олардың өзара түсіністігі негізінде бірлікке шақыру бізден осыны талап етеді деген сылтауды алға тастайды. Алайда бұл дәлелді себеп емес. Тарихи беттерге жүгінсек, бүтін бір халыққа жауыздық көрсетіп, онын мүддесіне қысым көрсету ешқашан ұмытылмаған. 20-шы жылдардағы әскери коммунизм, күштеп жер аудару мен ұжымдастыру, 30-шы жылдардағы қолдан жасалған аштық, 30-50-ші жылдардағы ұлттық интеллигенцияның талантты бөлігін қуғын-сүргінге ұшырату тәрізді қайғы-қасіреттердің халқымыздьщ санасынан шьиып, ұмыт болуы мұмкін емес. Қазақстан тарихында осындай кайғылы беттер өте көп. Соның бірі — ызғарлы желтоқсан оқиғасы. Мақаламыздың негізгі максаты — Желтоқсан көтерілісі Қарағандыда қалай өрбіді, оның негізгі алғышарттары мен салдары, облысымыздың қоғамдық өміріне әсері деген сұрақтарға жауап беру.....