Сатиралық ертегі: Сәлім байбатша мен Рахым байбатшалардың қалай шүрегей етінен құр қалғаны

Бір күні Сәлім байбатша менен Рахым байбатша аң аулауға шығыпты. Бұлардың қасында құсшы болған бір Боқбасар деген қазағы бар екен. Бұлар құстың етін жейміз ғой деп, жол азық алмапты.
Аң аулап жүргенде, бұларға ешнәрсе кез келмепті. Ертеден бері намазына шейін аулап жүріп, бір жалғыз шүрегей атып алыпты. Бұлар көп жүріп шаршаған соң бір жерге келіп, дем алмаққа тоқтапты. Әсіресе, қарны ашқан соң атып алған үйректің етін асып жемекке ойланып, Боқбасарға үйректің етін істікке шаншып, «отқа қақта», – деп, бұйрық қылыпты. Байбатшалар дем алуға жатыпты. Боқбасар онша көңілі қош болмай, мешкей байбатшалар, тым болмаса, маған үйректің бір жапырағын тастамас деп, үйректі жайғастыра бастапты. Қашан Боқбасар үйректің жүнін жұлып болғанда, байбатшалар қынжылып, бұлайша депті: «Үйрек бек кішкене екен, екеумізді тойғызбас», [– депті]. «[Ал] Боқбасарға да береміз», – деп, бір сөз айтпайды.
Боқбасар қазақ болса да, қу қазақ еді. Байбатшалардың не ойлағанын күні бұрын біліп, оларға айтты:
– Шүрегей бек кішкентай, байбатшалар, сіз екеуіңіз тоймайсыздар. Мұны жегендеріңмен қарындарың тоймай, ауыздарыңның дәмін алып, бекер тамсанып, сілекейлерің ағар. Менің ойымша, екеулерің бірдей аш болғанша, онан да шүрегейді біреулерің жеп, біреулерің аш болыңдар, – дейді. Байбатшалар Боқбасардың айтқанын мақұл көрсе де, шүрегейдің етін біріне-бірі қимай, екеулері де аш қалуға көнбеді. Сонда Боқбасар тұрып, былай дейді.....
Ертегілер
Толық