Ауыл Нұра бойында. Аспанды түнерген қара бұлт қаптап, қара түнді өте-мөте меңіреу қылып тұр. Көшіп шаршап келіп, жаппалап қонған ауыл ұйқы тұтқынында жатыр.
Төңірек тып-тыныш.
Күншығыстан ескен майда қоңыр жел өзен бойындағы қалың талдардың, бұталардың, шөптердің бастарын теңселтіп, ақырын ызыңдап тұр. Көрінбей ақырын жүріп, жұмсақ сыпсыңдаған жүйрік жел мен түнерген талдардың жапырақтары қалтырасып, ақырын-ақырын сыбырласып, сырласқандай. Осы қараңғы түнде майда қоңыр желдің жаяулаған жұмсақ қоңыр сарынынан басқа, бұталардың ақырын ызыңдаған баяу үнді, мұңды күйінен басқа, тал жапырақтарының жат тілді сырлы сыбырларынан басқа, алдыңғы ауылдан ақырын, нәзік сыңсыған бір ызың естіледі. Сыңсыған ызың жүректің ең нәзік сезімді күйлерін қозғап, үзіліп-үзіліп, өксіп-өксіп естіледі.
Байлаған биенің бас сауымын сауып алған кезде, "Тайжүзген" құдығының басындағы төрт ауылдың атқа мінер кәрі, жас, қатын-қыздарының аттары ерттеліп болды. Үлкендер маңызданып қымызы бар үйлерден қымыз ішіп, қыз-бозбалалар, бай балалары сәнді киімдерін киіп, жақсы аттарын күмістеген ер-тоқымдарымен ерттеп, кедейдің балалары да барын киіп, қатындардың байы байша, кедейі кедейше тазарақ киімдерін киіп, бәрі бір түрлі асығып лепіруде.
Күн ыстық. Шыбындап, топтанып, шаптары терлеген жылқылар үймелеп жылы желі маңайында тұр. Қап-қара болып күнге күйген, бұттарында жүнін сыртына айналдырып киген шалбарлары ғана бар жап-жалаңаш малайлар арпалысып сауған биелердің сүтін шелектерімен қолдасып келе жатыр.
Құрғақ апандардың, әм жарлардың көлеңкелерінде қозылар үймелеп, жүргендері жүріп, жатқандары жатыр. Қара мал өріске кеткен. Ауылдың күншығыс жағындағы сортаңда сағымнан бұлдырап төрт-бес түйе жүр........
Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас ) ( 15 . 10 . 1894 , қазіргі Жезқазған облысы , Ақадыр ауданы , « Ортау » совхозының « Қарашілік » қыстағы , — 25 . 2 . 1938) – қазақ кеңес жазушысы , қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы , Қазан революциясына қатысқан ардагер , мемлекет және қоғам қайраткері , 1918 жылдан КПСС мүшесі . Шағын дәулетті саясатшының жанұясында туған . Сәкен Нілдідегі орыс-қазақ , Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде ( 1905-08 ) , үш класты қалалық училищеде ( 1908-13 ) , Омбыдағы мұғалімдер семинариясында ( 1913-16 ) оқыды . 1914 жылы Қазан қаласында « Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды . Омбыда қазақ жастары ашқан « Бірлік » қауымы басшыларының бірі болды . 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып , орыс тілінен сабақ берді . 1917 жылы 9 наурызда « Асығып тез аттандық » атты өлеңін жазды . Кешікпей Ақмола қаласына ауысып .....
XX ғасыр аяқталды. Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдерді бастан кешірді. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түскен болатын. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді. Қазақстан – қазақ халқының......
Тағы бір ақбас бура, - емес атан, Жүріпті Көкшетауды қылып Отан. Мұныда "көзі көрген" қартайтады, Тыңдаған әлеуметке алқа-қотан. Тағы екен жанға ұстатпай жүрген қашып. Күркіреп тұрады екен көбік шашып, Бір көлді мекен қылып күнде келіп, Су ішіп кетеді екен алшаң басып. Дүниеде әрбір бөлек жердің аты, Себеппен қойған бәрі елдің аты; Бурабай атаныпты....
Көкіректе қайнаған кек оңдыра ма? Көңілді бір орынға қондыра ма? Түнерген қара қабақ жадырасын, Ән салып, күй күйлейтін домбыраға. Аршадан кертіп жонып тиек салдым, Ызаны тарқатуға домбыра алдым. Күңіреніп, көтеріліп....
Болыпты баяғыда Жеке батыр... Тау бағып жатады екен тігіп шатыр. Бір күні қарауылда қалғып кетіп, Сол батыр бүгінгеше ұйықтап жатыр. Сол батыр осы күні бір үлкен тау, Көз жұмған көкке қарап....
Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке бойлап бұлттан асқан. Бір шың бар етегінде тіп-тік найза Адамзат жасағандай құйған тастан. Сүп-сүйір бейне найза шың, құз, биік, Төбесі кейде тұрад бұлтқа тиіп. Қарасаң етегінен шың басына, Тақияң жерге түсед тұрған киіп. Тіп-тік шың көкке қарай кеткен бойлап, Тұрғандай таусылмайтын бір ой ойлап. Жалғыз-ақ шың ....