Сүйікті елім менің

Мақсаты: Балалардың туған жерін сүюге тәрбиелеу. Қоршаған ортаға және отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалардың эмоциялық көңіл - күйін көтеру. Адамгершілікке, әдепті болуға тәрбиелеу, үлкендер еңбегін бағалай білуге үйрету. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу, олардың әдеби сөздік қорын молайтумен қатар дүние танымдарын кеңейту. Балалардың ой өрістерін дамыту.
Керекті құралдар: Екібастұз туралы суреттер, кітаптар, көмір тас.
Сөздік жұмыс: Туған қалам, Екібастұз Богатырь көмір кені.

Сабақ барысы:
Тәрбиеші:
Армысың шапағатты күн ана
Армысың шапағатты аспан ана
Құт дарытқан елімізге жерімізге
Армысың мейірімді жер ана
Осы шапағатты күн анамен, мейірімді жер анадан бойымызға дарытқан мейірімді жүрегіміздің жылуын бір бірімізге, қонақтарға сыйламақшымыз.
Біз доспыз, татумыз.
Сіздерге жүрегіміздің жылуын сыйлаймыз.
Ал, балалар енді орнымызға отырайық. Бүгінгі біздің сабағымыз: «Менің сүйікті қалам»
Осы кезде Дымбілмес кіреді.
Тәрбиеші: .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық