Политология | Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі өңірлік ұйым. Ол бүгінде Солтүстік Америкада, Еуропада, Орталық Азияда миллиардтан астам адам өмір сүріп жатқан 56 мемлекеттің басын қосып отыр. Бұл ұйымға қатысушы мемлекеттерді ортақ құндылықтар, ортақ мақсаттар мен ортақ міндеттер біріктіреді, бәрінен бұрын – осы өңірді анағұрлым қауіпсіз, анағұрлым өркендеген өңірге айналдыруға деген ұмтылыс біріктіреді.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, адамның негізгі бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерге арқа сүйейді. Қауіпсіздік айқындамасы ретінде шекаралардың қорғалуы, әскери қатердің төндірілмеуі, саяси және экономикалық тұрақтылық, адам құқықтарының сақталуы, қоршаған ортаны қорғау алдымен қарастырылады. Бұл ұйымның қауіпсіздік және қақтығыстардың алдын алу мәселелеріне кешенді көзқарасы жер-жердегі құрылымдар мен институттардың тиімді жүйесіне негізделген.
Қазіргі кезде еуропалық мемлекеттер арасында біріккен қаупсіздік кеңістігін құру жолын іске асырудың нақты шараларына көшу қажеттілігі туындап отыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жалмаңдаған желтоқсан

Желтоқсанда қыршын кеткен боздақтар ай
жап жас болып ойнап күлген қозы лақтай,
желтоқсанның жалмауыздай желі келіп
жастарымды мұзға салып жалмағандай.

Қазағымды басқаруға Колбин деген сұм келді
қазақ елі келіспестен бір ауыздан шу етті,
әскер салып жастарымды....
Өлеңдер
Толық

Тәуелсіздік күні құтты болсын

Құтты болсын ұлы мейрам қазағым
тәуелсіздік мынау күнді алғаның,
тәуелсіздік алдық мына біз бүгін
той тойлатып қуанып сен жатқанын.

Тәуелсізбіз қазір біздер ешкімге
жеттік тағы Аллам қолдап бұл күнге,
бейбітшілік тыныш....
Өлеңдер
Толық

Бағалау | Автокөлік құралдарын банк қызметі үшін және тәуелсіз бағалау

Бүгінгі күнгі нарықтық экономика мен құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі –бағалау қызметі дамып келеді. Бағалау қызметі қоғамда тұрақты экономикалық қатынастарды қалыптастыру үшін, сонымен қатар меншік құқықтары объектісінің өркениетті экономикалық айналысы үшін қажет. Қазақстан Республикасының активтерінің негізгі түрі болып автокөлік құралдары табылатын автокөліктік кешенінде олардың құнын бағалаудың қажеттілігі туындап отыр. Оның актуалдығы сақтандыру қызмет нарығының құрылуынан пайда болды, оның негізгі мәселесінің бірі – кейіннен залалды өтеу үшін апатты зілзала, авария, өрт, жол-көліктік оқиға және тағы басқа нәтижесінде туындайтын зардаптар сомасын бекіту.
Автокөлік құралдарын бағалау қажеттігі бүгінгі күні банктік жүйеде меншік иесінің өз автокөлік құралын кепілдікке ұсынып, несие алуына мүмкіндігінің тууымен түсіндіріледі.
Автокөлік құралдарын бағалау ─ бағалау қызметінің арнайы және ерекше түрі болып табылады, өйткені оның басқа бағалау объектілер түрлерінен өзінше бір айырмашылықтары бар, [17] олар:
-1- автокөлік құралдарын бағалау объектісі ретінде басқа бағалау объектілер түріне қарағанда, функционалдық, конструктивті және эксплуатациялық айырмашылығы бар;....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | А Е Д К Ғ витаминдерінің адам ағзасында жеткіліксіз болғандықтан туындайтын аурулар

Витаминдер дегеніміз — барлық тағам мен азық-түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері ете үлкен. Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды. Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (паралич) деген ауру кездеседі. Мұндай ауру кезінде жүйке тармақтары қабынады да, кол-аяқ тырысып қалады. Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен ендеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті. Олардың едәуір бөлігінің құрамында амин тобы да, азот та болмайды. Осыған қарамастан мұндай ауыстырылмайтын тіршілік факторлары үшін "витамин" деген тарихи термин сақталып қалды. Адамның және жануарлардың ағзасында, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Азия қауіпсіздігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Курстық жұмыстың өзектілігі
Азия қауіпсіздігі туралы айтқан кезде Шанхай ынтымақтастық ұйымы туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл ұйым КСРО мен ҚХР арасындағы күрт егес жағдайында қиындықпен тамыр жайды. Кеңес-Қытай қатынастары қалпына келе бастағаннан кейін шекара ауданында сенім шараларын нығайту туралы мәселелерді қарау үшін бірлескен топ құруға шешім қабылдады. Бұл уағдаластыққа сол кездегі министрлер Э. Шеварднадзе мен Цянь Цичэнь өз қолдарын қойып ресімдеді. Топтың кеңестік бөлігінде сол кезде осы күрделі үдерістің алға жылжуына зор үлес қосқан тәжірибелі қытайтанушылар Генрих Киреев пен Виталий Воробьев жұмыс істеді.
КСРО тарағаннан кейін осы аса маңызды салада одан әрі жұмыс істеу туралы мәселе тұрды. Әлі есімде, 1992 жылы наурызда мені Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырып, жұмысты жаңа пішімде жалғастыру қажетттігі туралы ұзақ түсіндірген-ді: бір тарап – Қытай, ал екінші тарап – біртұтас делегацияға біріккен жаңа тәуелсіз мемлекеттер болмақ. Келіссөздерді осындай пішімде жүргізу жөнінде ҚХР – мен жарты жыл бойы қызу пікір талас жүрді. Ресейліктер КХР мен ортақ шекарасы бар бұрынғы кеңес елдері құрамында біртұтас делегация құруды талар етті. Мемлекеттер бөлектеніп кеткен екен, онда оларға Қытаймен келіссөздерді әрқайсысы өздері жүргізгендерді дұрыс деген басқа да пікір болды. Бірақ түптеп келгенде, салауатты ой жеңді және осынау күрделі жағдайда Қытай жағы сындарлық көрсетті. Пекин Ресей жағының өкілі басқаратын бірлескен делегациямен жұмыс істеуге дайынбыз, егер бұған басқа мемлекеттер қарсы болмаса деп мәлімдеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері және қауіпсіздігі

Жұмыстың өзектілігі. Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибедегі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә.
Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет [1].
ХХ ғасырдың соңы әлемдік саяси жүйеде ғаламдық өзгерістерге толы мезгіл болды. КСРО мемлекеті ыдырап, оның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Социализм мен капитализм жүйелерінің текетіресі аяқталып, ол тарих еншісінде қалды. Әлемдік саяси жүйенің осылайша өзгеруі дүние жүзінің геосаяси құрылымын айтарлықтай шиеленістіріп жіберді. Биполярлы әлем көп полюстіге айналып кетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | Еуропалық қауіпсіздік жүйесіндегі Германияның рөлі

Соңғы елу жыл шеңберiнде барлық дүниежүзiлiк қоғам Еуропада бiртұтас, жалпы экономикалық, саяси және әлеуметтiк кеңiстiк құруды мақсат ете отырып, өзiнiң ерiктi жаулап алу деңгейiмен Батыс Еуропаның тәуелсiз мемлекеттерiнiң бiрiгуiне куә болып отыр. Тарихтан көретiнiмiздей, түрлi мемлекеттердiң бiрлестiктерi, қауымдастықтары мен одақтары көп жағынан халықаралық экономикалық және саяси қатынастардың анықтаушы факторына айналды. Әсiресе, Еуропалық Одақ шеңберiндегi интеграция үрдiсi өзiне ерекше қызығушылық тудыруда. Оның көмегiмен батысеуропалық мемлекеттер өткен жүзжылдықтағы екi алапат соғыстың салдарларын жеңе отырып, тез қарқынмен өзгерiп отырған дүниеде өзiнiң мәнiн сақтап, халықаралық және мемлекетаралық қатынастарда жаңа жүйенiң қалыптасуына үлкен әсер ете алуда. Бұның жалғасы немесе салдары ретiнде зерттеушiлер Еуропалық Одақта болып жатқан интеграциялық үрдiстерге мiндеттi түрде тек аймақтық деңгейде баға берiп ғана қоймай, дүниежүзiнде болып жатқан жағдайлармен қоса, оған сабақтастыра ескерулерi қажет.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Молдова Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыттары

Молдовандардың ата-бабалары Дунай - корпат жерлері территориясында өмір сүрген гетодан тайпасы болған. Бұл тайпа гректермен сауда жүргізген. Молдова жерін адамзат төменгі палеолит дәуірінде мекендеген. 6-ғасырдан бастап, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құрыла бастады. vI ғ территорияға славян тайпалары тұрғындайды. Бір территорияда бірге тұрып, шаруашылық жүргізген соң валах тайпасы құрылды. 10 – 12-ғасырларда бұл өлкеге көшпелі печенег, қыпшақ тайпалары келді. 13-ғасырдың ортасы мен 14-ғасырдың 1-жартысында Молдова жері Алтын Ордаға бағынды. Х- ХII ғғ карпат-днестр жерлерінің шығыс бөлігі орыс мемлекетіне кірді, хIII – xIv ғасыр ортасында Молдовия территориясына татар, монғолдар кіреді. Оларды қуып шыққан соң 1359 ж Молдовия феодал княздығы орнады, оны бояр советінің көмегімен елді басқаратын государь биледі. Бірінші молдован государы Богдан болды. 17-ші ғасыр Ресейге деген сырқы саясат бағдары маңызды рөл атқарады. 18 ғасыр бірінші Петр мен Молдовия государы Дмитрий Контимердің Туркияға қарсы әскери саясат одағы құрылды. Бірінші Петрдің жеңілісінің кесірінен молдовия туркияның билігінде қалып, оның басшысы Контимер Ресейге қашады. Жүз жылдан астам уақытта фанориот хандығы орнады. Бұл уақытта Молдован княздігінің орнын грек фанориоттар иеленді. Шаруашылық құлдырады, қала тұрғындары қысқарды, Днестр мен Украинаға жаппай қашу болды. 1806-1812 жыл арасында болған орыс –түрік соғысынан соң Бұғарест келісім шарты бойынша Днестр мен Прут арасындағы территория 1813 ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биотехнология | Aлкoгoльсіз сусындaрдың биoтeхнoлoгиясық үрдісін зeрттeу

Қaзaқстaн тұрғындaрының тoлыққұнды тaмaқтaнy рaциoнындa, әсірeсe микрoнyтриeнттeрді, яғни aдaм oргaнизміндeгі зaт aлмaсyды жәнe жeкe oргaндaрдың қызмeтін рeттeйтін өтe мaңызды витaминдeрді, микрoэлeмeнттeрді, қaныққaн мaй қышқылдaрын тұтынy дeңгeйі бoйыншa біршaмa ayытқyлaр бaр. Бұғaн бaрлық жaстaғы тұрғындaр aрaсындa әртүрлі ayрyлaрдың қaрқынды дaмyы дәлeл бoлaды. Бұл мәсeлe тaмaқтaнy рaциoнындa биoлoгиялық бeлсeнді зaттaрдың жeтіспeyінeн күрдeлeнe түсeді.
Сoңғы жылдaры әлeм бoйыншa aлкoгoльсіз сусындaрды, сoның ішіндe прoбиoтикaлық өнімдeр eмдік- прoфилaктикaлық жaңa өнімдeрді өндіру aйтaрлықтaй жoғaрылaды. Прoбиoтикaлық бaктeриялaрдың нeгізгі aтқaру қызмeті ішeк қaбырғaлaрын aғзaғa сыртқы oртaдaн түсeтін бaктeриялaр мeн тoксикaлық зaттaрдaн қoрғaу бoлып тaбылaды. Eмдік-прoфилaктикaлық тұрғыдaн прoбиoтикaлық қaсиeткe иe өсімдікк шикізaты нeгізіндe жaсaлғaн сусындaр.
Қaзіргі кeздe oсы бaғыттa жүргізіліп жaтқaн жұмыстaр өтe көп. Бундaй өнімдeріміздің құрaмынa өсімдік жәнe биoлoгиялық қoспaлaрды қoсу aрқылы құрaмын бaйыту жoлдaры кeңінeн қaрaстырылудa. Жaңa тeхнoлoгиялaрды пaйдaнaлып ұлттық сусындaрды eң aлдымeн сaқтaу мeрзімін ұзaрту жәнe құрaмын дәрумeндeр мeн биoлoгиялық құнды зaттaрмeн бaйыту мaқсaтындa зeрттeу жұмыстaры жүргізілудe.
Жoғaры тaғaмдық құндылыққa жәнe фyнкциoнaлдық қaсиeткe иe дәндік сyсындaрдың өндірісінe көптeгeн жылдaр бoйы oтaндық ғaлымдaр көп көңіл бөлyдe. Бұл бaғыттaғы зeрттeyдің кeң спeктрі қoлдaнy бeлгілeнгeн мaқсaтқa жeткізeтін өсімдіктeкті шикізaттың әртүрлілігінe нeгіздeлгeн. Қoйылғaн тaпсырмaлaрғa бaйлaнысты ғaлымдaр жeміс-жидeкті, көкeністі, дәнді шикізaттынeмeсe eмдік шөптeрлі қoлдaнaды. Бұл бaғыттың дaмyынa Гeрнeт М.В,. Eлисeeв М.Н., Eрмoлaeвa Г.A., Исaeвa В.С., Кисилeвa Т.Ф., Кoбeлeв К.В., Пoмoзoвa В.A., Рyдoльф В.В., Тихoмирoв В.Г. жәнe т.б. үлкeн үлeс қoсты. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық