Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын Мысырға сапарға шықпауға үндеді

Мысырдағы жағдай күннен-күнге ушығып барады. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын аталмыш елге сапарға шығуға асықпауға үндеді.

Мекеменің ресми өкілі Жанболат Үсеновтың айтуынша, кеше Каирде болған қақтығыстан зардап шеккен отандастарымыздың бар-жоғы туралы мәлімет әзірге түспеген.

Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын Мұхаммед Мүрси жақтастары мен Мысыр әскери күштері арасында болған қақтығыста 287 адам қаза тапқан. 2 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған. Қаза тапқандардың 43-і полиция қызметкерлері екендігі анықталды.

Ақпараттық агенттіктердің мәлімдеуінше, оқиға барысында әскерилер Мүрсидің қолдаушылары орналасқан 2 шатырды бұзып, көтеріліске қатысушыларды таратуға кіріскен.

Ал, оппозицияның айтуынша, тәртіп сақшылары ереуілшілерді жаппай қырып жойған. Енді елдің 11 провинциясында коменданттық тәртіп енгізілді.

Жаңалықтар
Толық

Жаңа патшалық кезеңдегі Мысыр (Египет)

Археологиялық ескерткіштер

Египет көптеген жылдар бойы еуропалық саяхатшылар мен зерттеушілерді өзіне тартты. Оған деген қызығушылық әсіресе, қайта өрлеу кезеңінде көңіл бөлінді. ХҮІ ғасырдағы философ Дж. Бруно ежелгі Египет мәдениетін ерекше бағалап, грек, рим, еврейлердің ұстазы болғанын атап өтеді.

Рефераттар
Толық

Дүниежүзі тарихы | Мысыр өнері

Мысыр өнері

Мысырдың ғажайып өнері әлемдегі басқа мәдени ескерткіштерге қарағанда өзіндік сипатымен, көнелігімен ерекшеленеді. Мысыр жерінде өнер ошақтары, түрлі кешендер мен қорымдар жақсы сақталған. Солар арқылы көне мәдени-рухани байлық жөнінде біршама толығырақ.......
Рефераттар
Толық

Қазақстан тарихы | Қазақ поэзиясы мен музыка өнері

Мазмұны

1 Қазақтардың поэтикалық өнері
2 Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы
3 Дәулескер күйшілер
4 Айтыс
5 Пайдаланылған әдебиет

Қазақтардың поэтикалық өнері
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы эпикалық шығармалар негізінен халықтың қаһарман батырлары Абылай мен Кенесарының ерлік істерін суреттейді. Қыз ұзату, келін түсіру тойлары, рулар мен тайпа басыларының жиындары әдетте ән салу, күй тарту сияқты салтанатты жағдайда басталатын. Қазақтардың жазға қарай жайлауға, кысқа.......
Рефераттар
Толық