Біржан сал Қожағұлұлы (Біржанның қартайған және сырқаттанған кезінде шығарған өлеңдері)

Ал, дүние, өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілікпен жүріп едім.
Бұл күнде арық қойдан бағам кейін,
Үш жүзді сайран қылған Біржан едім.
Қарасу есік алды лайланды,
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды.
Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды......
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Болашақ ғасырлардың шежірешілері)

Болашақ ғасырлардың шежірешілері,
Сұп-сұрғылт салқын жүзімді
көрсетейін сендерге,
Менің өткен ізімді жазғыларың келгенде,
Тасқа басып атымды,
Суретімді іліңдер, биігірек төрлерге.
Талып, нәзік кім сүйсе .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Сыр)

Күрсініп көкірегім, жылайды ішім,
Өсем бе, өшемін бе құдай білсін.
Қанды дағын жүректің қалдырайын,
Қаласа біреу-міреу сұрай жүрсін.
Көрсін де жүрегімнің аққан қанын, .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Ғасырлар съезі)

Қырқыншы ма,
Елуінші ме ғасырда
Ғасырлар жиналып, ғасырлар съезін ашуда
Адыра қалып алтының мен ураның,
Парасат, ақыл арнаға сыймай тасуда.
Өткен ғасырлар, жеткен ғасырлар жиналып
Таңырқар сонда жиырмасыншы ғасырға! .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Қыз сыры)

Көк белдерге шық тұнғанда,
Шықтым бір күн далаға.
Күнмен бірге шықтың алдан,
Шықтың алдан, жан-аға.
Қыр астынан шуақ шашып,
Келе жатты күн шығып.
Омырауға құлап шашым, .....
Өлеңдер
Толық