Соғыс және балалар

Бала және балалық шақ. Балалық шақ та әртүрлі болады: кейбіреудің балалық шағы бұлтсыз бейбіт аспан астында алаңсыз өтсе, бір ұрпақтың балалық шағы қатал да қиын тағдырлы. Ұлы Отан Соғысы. Қанша тағдырдың тамырына балта шапқан, балалықтың бал күнін «соғыс» деген суық сөздің ызғарымен қарыған 19411945-ші жылдар. Мен осы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өзіміз қатарлы балалар жайында оқып білгенді ұнатамын. Сондықтан да он бес одақтас республика бір үлкен Отан болып есептелген Советтік Отанды неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге атсалысқан жас батырлар туралы жазып отырмын.
Соғысқа дейін олар жәй ғана қарапайым балалар болатын. Мектепте оқып, үлкендерге қолғабыс беріп, доп қуып жүрген ойын балалары еді. Оларды тек туыстары мен бірге оқыған достары ғана танитын. Кенет соғыстың сын сағаты жетіп, кешегі балалар өздерінің Отанды қандай үлкен жүрекпен сүйетінін дәлелдеді. Иә, соғыстың ауыртпалығы сол кездері балаларға да түсті. Бірақ ол ауыртпалықты жас балалар көтере білді, шыбықтай жас қабырғалар одан қайыспады да. Соғыстың алғашқы күндерінде –ақ Брест қамалын қорғауда музыка взводының тәрбиеленушісі он төрт жасар Петя Клыпа ержүректілігімен ерекшеленіп, І дәрежелі Ұлы Отан Соғысы орденімен марапатталды. Көптеген пионерлер партизан отрядтарында барлаушылық қызметін атқарды, кейбіреулері астыртын жұмыстарға қатысып, диверсант та бола білді. Пионер Зина Портнова Витебск облысында «Кек алушылар» отрядында жауға қарсы күресті, осы астыртын ұйымда жүріп ол комсомол қатарына қабылданды. Сатқынның ұстап беруімен қолға түскен Зина жауап алу кезінде үстелден пистолетті алып үлгереді, сөйтіп, тергеуші мен екі қарауылын атып қашуға әрекеттенеді......
Шығармалар
Толық