Соғыстың салған жарасы
Мен – Данияр Айданамын. Менің атам – Ахметов Данияр соғыс басталғанда небәрі бес жаста екен. Әжем – Ауанова Шаһар 1941 жылдың қыркүйегінде дүниеге келген. Олар - соғыс көрмесе де, оның сұрапыл салқынын өз жүректерінен өткізген жандар. Әжемнің ағасы – Ауанов Әзімхан, яғни түп нағашым 1921 жылдың 1 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жөлек ауылдық округінде туылады. 4 сыныптық білімі болған. Нағашы атам соғысқа кеткенде, әжем әлі есін білмейтін сәби екен. Содан тілі шығып, есі кіре бастағаннан майданға кеткен бауырының аман қайтуын тілейді. Анасы Мәрия әжеміз екеуі қашан көзі ұйқыға кеткенше күбірлеп, жаратқанға жалбарынады. Әзімхан ата 1942 жылдың 29 мамырында 393- атқыштар полкінің құрамында ұрысқа кірген. Сол жылдың 20 маусымында жау қолына тұтқынға түседі. Оны тұтқыннан 1945 жылдың 9 мамырында Кеңес әскерлері босатады. 1945 жылдың маусымынан 1946 жылдың мамырына дейін 138 атқыштар полкінде әскери қызметін жалғастырады. Елге 1946 жылдың 10 шілдесінде келеді. Ешқандай жарақат, контузия алмаған деп жазылған құжаттарында. Ол туралы білетін аз – кем дерегіміз осы ғана. Атам елге келген соң үйленіп, балалы-шағалы болады. Үш ұл, үш қыз тәрбиелейді. Шиелі аудандық тұтынушылар одағында ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарады. Көзін көрген кісілердің айтуынша, ол өте сауатты, орысша, қазақшаға бірдей, өз ортасына беделді адам болған....
Шығармалар