Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі

Социологияның ғылым ретінде қалыптасуы қоғамды зерттеу барысында қалыптасқан дәстүрлер негізінде өрбіді. Ежелгі грек және ежелгі шығыс ойшылдарының еңбектерінде жалпы философиялық мәселелермен бірге қоғамның тууы мен мәні, оның ұйымдасуы мен дамуы туралы мәселелер қарастырылады. Ежелгі оқымыстылар шынайы қоғамға тән сипаттамаларды анықтап қана қоймай,әлеуметтік процестерді “улгілеу” принциптерін қалыптастыруға негіз қалап , жекеленген әлеуметтік фактілер мен процестерге, қоғам құрылысына, адамдар, әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы байланыстар мен қатынастарға нақты эмпирикалық талдау жасауға тырысты.
Әрбір дәстүр социологияға қоғам мәселелерінің, социологиялық білімді жетілдірудің, құру және қолданудың, зерттеу пәні мен нысанын анықтаудың өзіндік зерттеу әдістерін әкелді.
Социологияның ғылым ретінде тууы XIX ғасырдың ортасында француз оқымыстысы Огюст Конт (1798-1857) есімімен байланысты, өйткені ол тұңғыш рет “Социология” терминін енгізген, алайда оның қалыптасуына Батыс Еуропа (Г.Спенсер,
К. Маркс, Э. Дюркгейм, М. Вебер және т.б.) мен Американың
(А. Смолл, Дж. Винсент, В.Томас, П.Сорокин, Т.Парсонс және т.б.) көптеген оқымыстылары айтарлықтай үлес қосқан.
Социология пәні мен нысанын негіздей отырып, О. Конт сол кездегі ғылым жүйесіне иерархиялық баспалдақ түрінде түсінік береді, оның ойынша, бұл білімнің қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға жалпыдан өзіндік ерекшелікке қарапайым дамуының тарихи процесін логикалық жүйемен бере алады. Білім дамуындағы әр басқыш, Конт бойынша, -өзінің алдыңғысының алғы шарт ретінде есептейтін – жоғары тәртіптегі ғылым болып саналады.
Онда негізгі ғылымдардың иерархиясы төмендегіше көрінеді: математика, астрономия, физика, химия, биология (соңғы терминде- О.Конттың үлесі) және социология.
Берілген сызбадан көрінетіндей, социология басқа да ғылымдардың заңдарына негізделеді. Конт социологияның өзіндік, бұл заңдардың түрін өзгертеріндей және индивидтердің бір-біріне өзара әсерінен шығатындай қасиеті бар екендігіне айрықша мән береді. Бұл өзара әсер адамзат қауымында әр ұрпақтың келесісіне өтуі нәтижесіенде күрделене түседі.
Осылайша, социология ғылыми білімнің дамуын қорытындылай отырып, қай кезде де өмір сүрген нысандардың ең күрделісін зерттейді. Мұндай нысан қоғам және индивидтердің бір-біріне әсері болып табылады.
Қоғам жағдайы лайықты әсер еткенде ғана адам өзін жеке тұлға ретінде таниды. Адамның қоғамда бірнеше әлеуметтік ұстанымы болады , оның әрқайсысының белгілі бір құқығы, міндеттері болады, ол мәртебе (статус) деп аталады. Қоғамда алған әлеуметтік мәртебесіне сәйкес, адам қоғамда әлеуметтік роль атқарады. Роль дегеніміз- адам мәртебесімен көрінетін күтілетін мінез-құлық. Әр мәртебеге бірнеше роль енеді. Берілген мәртебеге әсер ететін рольдердің жиынтығы рольдер жиынтығы деп аталады.
Белгілі бір әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған рольдер мен мәртебелердің ірі бірлестігі әлеуметтік институттар (отбасы, дін, білім беру, экономикалық , саяси жүйелер және т.б.) деп аталады. Арнайы институттар (латынша –institutum-нұсқама, мекеме) мен ұйымдар құра отырып, қоғам сол арқылы өзінің өмір сүруінің маңызды салалары мен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым- қатынас түрлерін нақтылап, бекітеді, оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етеді.....
Рефераттар
Толық