Менің алғашқы ұстазым

Білімнің жинай білсек бүгін нәрін,
Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным.
Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда,
Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын.

Ғабиден Қожахмет

Ұстаз –деген ұлағатты сөз. «Ұстаз» сөзінде қаншама мағына, құдіретті күш,қасиетті ұғым жатыр. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол-алғашқы ұстаз.Ұстаз -біздің екінші анамыз.Әр баланың сүйікті ұстазы болады.Менің алғашқы да сүйікті ұстазым- Мәлика Бақтиярқызы.

Ең алғаш бұл сөзді мектеп табалдырығын аттаған кезімде үйрендім.Менің ұстазым қолымнан жетектеп сыныпқа кіргізді.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның,-деп өлең сөздерінде жазылғандай Мәлика апайдың маған әліппе мен қаламды алғаш ұстатып,күлімсіреп оқушы атанғанымызбен байыптылықпен құттықтағаны әлі есімде. Мәлика Бақтиярқызы ең алғаш маған партаға отырудан бастап, әліппе оқулығын қолыма ұстатып, әріп тани білуді үйретті.Сондай-ақ ән айтуды, дүниені танып білуді, есеп шығаруды үйретті. Өмірдің қыр-сырын білуге,сан қилы құбылыстарды терең түсінуге, адамгершілікке баулыды......
Шығармалар
Толық

Аңызға айналған Қостанай қаласының көрікті жерлері

Жоспар
І.Кіріспе
1. Қойнауы астыққа толы Қостанай қаласы
ІІ.Негізгі бөлім
1.Қала атауының шығу тарихы
2. Көк желек жамылған Қостанайдың көрікті жерлері
ІІІ.Қорытынды


Жүйіткіген жолдардың арасы,

Тобыл мен Торғайдың саласы

Бақыты – асыл дән, қалықтап құс әні,

Айтады ашылған Қостанай құшағы!

Серік Тұрғынбеков

Иә, шынымен де бүгінгі таңда алқабы астыққа толы алтын аймаққа айналған Қостанай – Қазақстан қалаларының ішіндегі ерекше шаһарлардың бірі.

Әдебиет тарихында өзіндік дара жолы бар, қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан Торғайлық талантты ақын Сырбай Мәуленов те Қостанай туралы:

Көшелері көп емес,
Көлемі онша кең емес.
Бірақ та сол Қостанай
Еш қалаңнан кем емес.
Көк ну орап көлемін,
Болмаса да безенген......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз ел – бабалар арманы

Елу жаста «елім бар» деп айта алмай,
Кетпес естен күйінгенің мұңлы Абай.
Қасым Аманжолов

Қазіргі қоғамда, әсіресе жастар арасында еліміздің тәуелсіздігіне салғырт, немқұрайлы қарау етек алып бара жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Бұл құбылыстың негізгі себептерінің ең бастысы – «Қазақстанға тәуелсіздік ХХ ғасырдың аяғына таман КСРО-ның ыдырауы барысында оның құрамындағы республикалар егемендігін алып жатқан тұста, 1991 жылдың желтоқсан айының он алтыншы жұлдызында ешқандай қантөгіссіз, өзінен-өзі келе қалды, бұл – қазаққа Құдайдың берген сыйы болды» деген солақай түсініктің қалыптасуы. Осының нәтижесінде жастар ел тәуелсіздігіне «мәңгілік сыйдай», еш алаңсыз қарайтын сияқты. Бұл эсседе тәуелсіздіктің ешқандай оңайлықпен келмегенін, оны арман еткен бабаларымыз бен аналарымыз, ағаларымыз бен апаларымыз ғасырлар бойы күресіп өткенін, сондықтан бүгінгі біз өмір сүріп отырған тәуелсіз, бейбіт елдің іргесі атажұртты аман сақтап қалу үшін төгілген есепсіз қан мен көз жасына суарылғанын ешқашан ұмытпай, ел тәуелсіздігін сақтауға әрқайсысымыз зор жауапкершілікпен қарап, бұл бақытты келесі ұрпаққа табыстау – біздің парымыз, ұлы міндетіміз екенін таратып айтамын......
Шығармалар
Толық

Менің өмірімдегі үштілділік

Мен қазіргі таңда мектеп қабырғасында, яғни 11 сыныпта оқып жүрмін. 7 сыныптан бастап, ағылшын тіліне деген қызығушылығым арта бастады. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым-қатынас тілі болса, ағылшын тілі –халықаралық тіл екендігі барша аян.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үштілділік туралы ең алғаш рет 2006 –жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтқан еді. Ол кезде Мемлекет басшысы кем дегенде үш тілді білу біздің балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды деген болатын. Одан кейін, 2007-жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында Мемлекет басшысы «Үштілділік» жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыра бастау керектігін ұсынған болатын. «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұларалық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономика мен сәтті ықпалдасудың тілі» деген еді Елбасы.

Қазіргі таңда Елбасының басында айтып өткен үштілділікті дамыту барысында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Ал менің өмірімдегі үштілділікке тоқталар болсам, үш тілде де еркін сөйлей аламын. Сонымен қатар ағылшын тілінде өтетін түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Осындай нәтижеге қол жеткізуіме ағылшын тілінен сабақ беретін ұстазым- Нурмагамбетова Айгуль Байжанқызының еңбегі де орасан зор. Жалпы он бірінші сыныпты аяқтаған соң таңдап отырған мамандығым- ағылшын тілінің аудармашы мамандығы болып табылады. .....
Шығармалар
Толық

Жел өпкен ғұмыр

ЖЕЛ ӨПКЕН ҒҰМЫР...

Естимісің? Біз жел өпкен ғұмыр кешудеміз. Капастағы қол, өзгенің қолына асығады, олардың ортасын жалғап тұрған жел жібін сұм өрт аймалайды. Сеземісің? Өзге өзгеге құштарлана самғайды. Тым жақынсың, алайда арада ащы түтін. Жабық терезелер болмағанмен, көзіміз байлаулы. Түсініксіз халде оянам, өзім мүлдем білмейтін және сүйетін адамыма шарасыз сыңғыр дыбыстарын жеткізе алмай азап шегем, ұмыту белгісі ретінде үздіксіз іздеумен, сенумен келем...(В.Лев)

Жерге түсіп жатқан алтындай сары жапырақтарға үңіліп, саябақтағы орындықта отырған едім, қарындас, бір жеріңіз ауырып тұр ма деп, біреу жақындап келді, - деп бастады өз әңгімесін Әнель. Шыны керек осы сөзді айта бастағанда жанарында шоқ болып, бір жалын көрінді. Сірә, қуанышты кезі жайлы айтып жатыр деп ойладым да, ары қарай жалғастыруын өтіндім.
Әнель, бұл алтын түстес жапырақтар сіз үшін өте қымбат секілді ме деп қалдым, толығырақ айтпас па екенсіз? Неліктен? – деп сұрағымды жаудырттым.
Ол жағын өзім де білмеймін, жаным?!)))).
Сол күні менің жағдайымды сұрауға келген адам – ұзын бойлы, ақ құба келген Елдос еді. Мен оған ештеңе болмағанын, әншейін көңілімнің түсіп кеткенін айттым......
Шығармалар
Толық

Халқын сүйген Абай

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!


Шынында да Абай ақын қазақ үшін жаратылған ерекше тұлға. Ол өз заманының талай надан, бәлеқор, пайдақор адамдарымен жалғыз өзі күресті, қарсы тұра білді.Оларға өмірдің қайнар көзі – білімде, өнерде екенін ұқтырды және де болашақ ұрпақтары біздерге өшпес мәңгі мол мұралар: өлеңдері, қара сөздері, поэмалары,түрлі тақырыптағы шығармаларын қалдырып кетті. Абай- мәңгі ғасырлық тарихи тұлға. Ұлы Абай өз қоғамындағы адамдармен күресіп жүріп, ішкі ой-толғаныстарын қағаз бетіне түсіріп жүрді. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы болып қалды. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дарып, әр балаға рухани азық сыйлап келеді.......
Эсселер
Толық

Ғаламтор және әлем

Қазіргі ғасыр - ақпарат ғасыры. Со­ның жетістіктерінің бірі ғаламтор желілері және оның атқаратын көпқырлы қызмет­тері. Жастар көркем әдебиет оқымайды деп айта алмаймыз. Мектеп бағдарла­ма­сын­да қазақ, орыс әдебиеті сабақтарында міндетті түрде оқып, танысуға тиісті шы­ғар­малар тізімі оқушыларға беріледі.

Ғаламтор… Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатыгездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқығымыз бар.
Ғаламтор… Тұтасқан әлем. Өрмекшінің торы дерсіз. Енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуальды сыйластық басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз… Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұл да бір өтпелі кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. Тек соны орнымен пайдалана білсек, мүмкіндігін барынша тиімділікпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ.......
Эсселер
Толық

Қытай ойыншықтарының зияны

Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана жалықпайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда кейбір ата-ана осы ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенінен хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді немесе білсе де немқұрайлық танытады. Соның салдарынан бала азап шегеді.

Ойын бала үшін — нағыз өмір.Ойын арқылы бала өмірге әзірленеді. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ал ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы. Бала ойыншықпен ойнай отырып, дүниетанымы қалыптасады. Қимылы дамиды. Қолдарымен, саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дамиды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.

Ертеректе, заманның қысылтаяң кезеңінде аталарымыз ағаштан жасалған әр түрлі жануарлармен, ал әжелеріміз сабаннан жасалған ойыншықтармен ойнаған. Қазірде тәуелсіздігін алған Қазақстан ұрпақтары үшін ойыншық қол жетімді дүние. Қазіргі таңда, базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдас бермей, әп-сәтте «істен» шығады. Сондай-ақ Қытайдан жеткізілген қауіпті ойыншықтардың қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың бар екенін айтып, бүкіл әлем дабыл қағуда. Дабыл қағып қана қойған жоқ, оған қарсы шаралар қолданылып жатыр......
Шығармалар
Толық

Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғырудың ең басты шарты

Ұлттық болмыс дегеніміз-қазақтың салт –дәстүрлерімен,ибалы, имандылық түрлері жатады. Ертеректе мал бағып жүрген ата- бабамыз балаларын атқа мінуге, төрге қамшы іліп, қасқыр терісін керегеге байлауы, қазақтың мәрттігін көрсеткен.Ен алдымен қазақы сүтпен біткен тіл, біздің тілдің байлығын, сөз ұлылығын көрсетіп, дәріптеледі. Қазақы ою-өрнекпен нақышталған киім киюі өзге ұлттан бөлек, киген шапандары қыста тоңғызбайтын қасиеті бар екендігін көрсетеді. Ағаштан ойып жасалған табақ, ас ішетін құрал- жабдықтар тамақ жеуге ыңғайлы , тез суыйтын, адам денсаулығына пайдалы болып табылады. Сонымен бірге ұлттық аспаптар тарихы да ертеден келе жатқан, өнер құдіреті деп білемін.Домбыра , жетіген, қобыздың түрлері қазақтың атын әлемге мойындатқан аспап екенін білеміз. Ұлттық ойындар қазақ халқының өзіне тән ағаштан жасалынатын алтыбақан тебуі , сүйек жасырып, ақсүйек ойындарын ойнауы, қазақтың ұлттық қадір- қасиетін ұғындырып тұрса керек.Ұлттық мейрамдарды тойлауда өзіндік ерекшелігімен айқындалады. Күн мен түннің теңесуі, көктің шығуы, көже асылуы, сақталған сүр еттер, наурыздың реңін ашуда.

Қазіргі таңда сән әлемімен елді таңғалдыратын тігіншілердің ательесінде де түрлі қазақтың ұлттық киімдері бүкіләлемдік аренадан көрінуде.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты Жолдауында қазақ ұлтының өзіндік айрықша болмысы атқа міну мәдениеті деп көрсетуі тегін емес.Атқа міну ежелгі ата- бабамыздың жылқышылық кәсібі, астына мінген атымен талай жауларға төтеп беріп, атағы шыққанын бүкіләлем біледі.Сан алуан атақты металл ордасы болғандықтан, алғашқы металлургияда мыс, алтын қорытпалары арқылы зергерлік бұйымдар соғылуы, металл қорытатын пештер болуымен бірге , ежелгі дәуірдегі тұрмыстық заттар пайда болды......
Шығармалар
Толық

«Мәңгілік ел» мұраты және тұлға сабақтастығы

Мәңгілік ел - бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, канша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшьшықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.

550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимі бекітілді. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды. Осы үздіксіз күрестің тарихи тәжірибесі «Мәңгілік Ел» өзекті идеясының маңыздылығы - халық бірлігін дәлелдейді. Тарихи күн - Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өту - өткен, осы және келер шақтың мирасқорлығын және ұрпақтың бабалар алдындағы қазақи мемлекеттіліктің қайнар көзі мерейтойлы күндерден бұрын есептелетін негізі мен дәстүрін сақтаудағы ерекше жауапкершілігін айрықша көрсетеді. Тәуелсіз Қазакстанның Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілік құрудағы сіңірген тарихи еңбегіне ешкімнің таласы жоқ. Күшті қайраты мен стратегиялык көріпкелдігінің арқасында Қазақстан заңды рәсімделген шекарасы бар, жемісті, тұрақты, беделді мемлекетке айналды. Қазақстандықтардың ұлттық идеясы мен тарихи санасын қалыптастыруда, және халықтың бірлігін нығайтуда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсету қажет. Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көпұлттың өкілдеріне Отан болып табылады. Қазақстандықтар бар қиыншылықтардан өтіп, ұлттық қауымдастыққа лайықты орын алды. .....
Шығармалар
Толық