Оразалы Қожамжарұлы батыр (1826, Іле бойындағы Жайпақ деген жер – 1913, Шу өңірі) – Қоқан хандығына қарсы күресте қол бастаған батыр.Ұлы жүздің дулат тайпасының Ботбай руынан. Жас кезінде ел-жұртымен бірге Шу бойындағы Қарақыршын деген жерге қоныс тепкен. Ер жеткен кезінде Сыпатай батырмен бірге тізе қосып, қоқандықтарға қарсы күресте оның сенімді серігі болды. Өзінің ел-жұртын Шу өзенінің бас жағындағы Ақсу .....
Орман Түктібаев (Үрмәш) (17.11.1917, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Түктібаев ауылы - 20.7. 1944, Латвия, Лудза ауданы Нерзкое дер.) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, пулемет ұбөлімшесінің командирі, кіші сержант. Қазақ. Ұжымшарда егін бригадирі болып жұмыс істеген. Кеңес әскері .....
Жанайдар Орынбайұлы (шамамен 1818, өлытау өңірі — 19 ғ-дың 70-жылдары) — батыр, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1837 ж. Ақмола дуанына қарайтын арғын тайпасының Қуандық, Сүйіндік, Төртуыл, Қойлыбай, Қалқаман, Темеш, Тінәлі руларының жасақшыларын бастап Кенесары әскеріне келіп қосылады. Кенесары Ақмола бекінісіне шабуыл жасар алдында Жанайдарды бас етіп бекіністі барлауға шолғыншылар жіберді. Шабуыл кезінде ерлігімен, мергендігімен көзге түскен Жанайдар ханның сенімді серігі, қол бастаушы батырларының .....