Қазақ едім, надан едім, тар едім, Тендікке де, бостандыққа зар едім. Компартия қанат бердің, әл бердің, Тек кеуде де шыбыны бар жан едім. Қырық жылымда талай астым қырқадан, Өмір кештім көк дауылдай бұрқаған, Күрестер мен жеңістерден өткіздің Естіді әлем дауысымды ән шырқаған. Завод қаптап, колхоз, совхоз гүлденді, Қырық жыл бойы қазақ елі түрленді, Даңқы кетті көтеріліп аспанға Тап-тамаша бүкіл дүние білді енді.....
Мен қазақпын! Ескі қазақ емеспін. Кремльде талай еркін кеңестім, Өнерлім, аштым ғылым сырларын Еркін өстім, Отанымда тең өстім. Европадан оздым, ұшқыр заманым, Өлшеу бермес менің басқан қадамым, Жеңістермен кеттім тағы ілгері Партия алда! Қасында орыс ананың. Колға тұрды Ульба, асау Сырлар да, Завод, қала қаптады шет, қырларда, Данқым асты дүниені жаңғырттым, Ленин туы астында өткен жылдарда.....
“Мәңгілік Ел” болу ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді. Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету біздің ұрпақтың басты мақсатына, ұлттық ұранымызға, ұлттық идеямызға айналды. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық!
Н. Ә. Назарбаев
Қазақ - қайсар халық.Бүгінде сол батылдығы мен қажымас қайратының арқасында Алланың үлкен сыйы “ Тәуелсіздікке” қол жеткізіп отыр.Бұл үлкен бақыт, әрине мәңгілікке жалғассын деп тілейміз.Десе де бұл күрес қазақ халқы үшін оңай болған жоқ Ата-бабамыздың ары мен зарының арқасында, сүйектен өткізер саптаулы сөзінің арқасында осы жеңістің дәмін таттық. Қазіргі таңда осындай баға жетпес байлығымызға жиырма сегіз жыл толып отыр.
Азат күн туды, қырандай еркін самғаған, Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған. Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы, Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған! Бұл күнді күтіп батырлар жанын қиысты. Бостандық алып күмбірлеп кетті күй ішкі. Ержүрек ұлы, қайсар қыздары бар қазақ, Мәңгілік азат халық болуға тиісті! Ақ Орда тігіп, Астана қылған қаласын, Тарихын танып, ардақтап жатқан бабасын, Барша әлем білген бөрі-жүректі баласын, Қиналмай өтер алдынан шықса дара сын, Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде, Айбарлы менің асыл Алашым!.....
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Рим – ғасырлар тоғысында Сабақтың тақырыбы: Қазіргі әлемді жасаған ежелгі адамдар ма? Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.2.4.2 Ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау Сабақтың мақсаттары: Ең маңызды ежелгі дәуір өнертабыстарын анықтау ......
Жолда келемін. Поезд зулап келеді. Менің өлкемнің сұлу табиғатына сірә да, адам баласының көзі тойған ба. Анам да терезеге қарап, сыртқа үңілумен отыр. Ал, мен қарсы алдымда отырған бейтаныс жолаушы ананың жүзіне үңілумен отырмын. Бейтаныс жолаушы әлсін - әлсін терең күрсінеді. Күрсінген сайын өзегін өртер өкінішін сыртқа шығарғысы келгендей болатын сияқты. Мұңға толған жанарын аударып – төңкеріп бір орынға тұрақтата алмай отыр. Өте беймаза күй кешіп отырғаны айдан анық сезіліп тұр. Жолсеріктің келер жағына көп қарайды. Бір кезде, көптен күткен адамы көрінгендей орнынан ұшып түрегелді. Жолсерік келе жатыр екен. Кейуана оған қарай қарсы жүрді. Бөгделердің әңгімесіне құлақ түрудің әдепсіздік екенін білсем де, естіген құлақта жазық жоқ қой, жолсеріктің даусын анық естідім. «Бәрі жақсы, ұйықтап жатыр» деді жолсерік кейуанаға. Ана қайтадан орнына келіп отырды. Бірақ, көңілінде алаң бар. Тыншымайды. Жүзіне барлай қарағанымда денемді ток ұрғандай шошып кеттім.
Ананың бір нүктеге қадалған көздерінен жас парлап отыр. Орнымынан ұшып тұрып, кесеге су құйып бердім. «Сізде бәрі дұрыс па, су ішесіз бе?». Ана басын шайқады. Ауыр – ауыр күрсінеді. Ол күрсінген сайын менің де жаным ауырып кетеді. Байғұс ана шыбын жанын қоярға жер таппай отырғаны бесенеден белгілі. Әттең, шемен боп қатқан шерін ішке сақтамай сыртқа ақтарып тастаса ғой. . Менің анам мұғалім. Ол кісі адам баласының жан дүниесін түсіне білетін кең жүректі адам. Ол кіммен болса да тіл табыса алады. Анама қараймын, анам маған қарады. Бір – бірімізді үнсіз түсіністік. Анам жайлап кейуананың қасына жақындады. Шайға шақырды. Дәм ұсынды. Кейуана еш нәрсеге қол тигізбеді. Есесіне, «рахмет, рахмет, Алла разы болсын» деген сөзді жиі қайталады. Менің анам «Сізге қандай көмегім керек, апа, қатты қиналып отырсыз ғой, іште сақтаудың қажеті жоқ, қайғы бөліссе жеңілдейді, апатай» деп, кейуанаға жақындай түсті......
Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасыр армандаған, жете алмаған арманы. Елін жерін жаудан қорғап, қасиетті дархан даланы азат етуді міндет еткен. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай. Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқаңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз. Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді. Жаппай отаршылдықтың салдарынан Қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады. Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдай бабаларымыз халықты алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз»-деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арманы еді. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «Міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. ....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан Сабақтың тақырыбы: Халел Досмұхамедовтың халқы үшін жасаған қызметі нені көздеді? Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Тарихи кезендердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады; Бір немесе бірнеше деректерге сүйене отырып, өзінің ой-пікірін білдіреді. Сабақтың мақсаты: Атырау өңірінен шыққан қоғам қайраткері, ұлт зиялысы, алаш азаматы, дарынды ғалым, тұңғыш дәрігер маманы, өлкетанушы Халел Досмұхамедовты танып білу....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3A Сақтар(12 сағат) Сабақтың тақырыбы: Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды? 1-сабақ Сабақтың мақсаты: Қазақстан территориясындағы ерте темір дәуіріндегі рулар, тайпалардың пайда болуы, археологиялық ескерткіштері, дүниетанымы, шаруашылығы,тарихи кезеңнің зерттелуі туралы біледі. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.3.2.1 – сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау.