Саяси режимдердің типологиясы

Саяси режим қоғамда саяси мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің, тәсілдер мен құрылыстарының жиынтығын, саяси бостандық дәрежесін, қоғамда жеке адамның заңға сүйенген жайын және сол елдің саяси жүйесінің белгілі типін анықтайды.
Саяси режим – мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын мемлекеттік билік органдарының қызмет-әдістерінің жиынтығы. Басқаша айтқанда, мемлекеттік белгілі бір типіне тән билік жүргізудің тәсілдері мен түрлерінің жиынтығын саяси режим деген түсінік арқылы білдіруге болады. Ең бастысы - саяси режим қоғамындағы саяси бостандық деңгейін бейнелейді. Саяси режим мемлекеттік басқару нысанымен, қоғамдағы сан алуан саяси күштердің ара салмағымен және мемлекет билік ұйымдастырудың қалыптасқан дәстүрлерімен сипатталады.
Режим – үстемдік етуші кластың экономикалық және саяси билігін жүзеге асыру әдістері мен құралдар жиынтығы.
Қазіргі уақытта әлемде бір-біріне ұқсас режимдердің 160-тай түрі туралы айтуға болады. Антикалық фәлсәфашы Аристотель саяси режимді топтарға жіктеуге болатындай екі критерий берді:
1) билік кімнің қолында;
2) бұл билік қалай қолданылады.
Саясаттанушы ғалымдар саяси режимдерді жіктеген көбінесе мемлекет аумағында көппартиялыққа, ашық оппозицияның өмір сүруіне жол ашылған ба, билік тармақталған ба, азаматтық қоғамның жағдайы қалай деген сияқты принциптік мәселелерді негіз етіп ұстайды. Саяси режимнің мәнін анықтауда азаматтық қоғам мен мемлекеттің ара қатынасы шешуші роль атқарады. Бұл тұрғыда үш түрлі жағдай қалыптасуы мүмкін: 1) Мемлекет азаматтық қоғамның өмір сүруіне, қанат жаюына жағдай туғызып, оның ырқына жығылады. Азаматық қоғамның мәртебесі жоғары, қуаты үстем. 2) Мемлекеттің айбыны асқақтап, бүкіл қоғамды "жұмса - жұдырығында, ашса алақанда" ұстап тұрады. Азаматтық қоғам мемлекеттің өңешіне кетеді, азаматтар саяси жүйенің толық ықпалында болып айтқанына көніп, айдауына жүреді. 3) Азаматтық қоғам мен мемлекет арасында тепе-тендік бар.
Міне, осы үш жағдайға байланысты саяси режимдерді қарапайым түрде классификациялауға – тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық режимдерге бөлуге болады. Сонымен саяси режимдердің типологиясы:
а) демократиялық саяси режим;
б) тоталитарлық саяси режим;
в) авторитарлық саяси режим;....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Саяси режим

Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады. ....
Рефераттар
Толық