Санжар
Санжар есімінің мағынасы — көне түркі тіліндегі Саншора есімінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі. Көне түркі, қазақ тілінде сан – "он мың", "шора – ер, батыр" деген мағыналарды білдіретінін ескерсек, "бір өзі он мың қолға тең ер, батыр" мәнінде қойылған есім екенін байқаймыз. Ғасырлар бойы айтыла келе, Саншора-Саншор-Саншар-Санжар болып өзгерген. Тағы бір мағынасы – бұзып өтуші.
Есімдер мағынасы