Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
Қазақтілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық.....
Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылдағы 13 желтоқсанда Орта Азия республикалары басшылығының Ашгарад кездесуіне бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күш жігерінің арқасында осы кездесу барысында біртұтас айқындама тұжырымдардың және Орталық Азия мен Славян Республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті. 1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжат болған Алматы декларациясына қол қойды. Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 10 жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдериен өзара тиімдіжәне ұтымды қарым-қатынастар қалыптастырып, инвестициялармен келуі өсе түсті. Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуға еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды. Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады7 Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді. ....
«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес. Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады: 1) қаржы қатынастарының жиынтығы; 2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы; 3) басқарудың қаржылық аппараты. Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады. Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді. Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар. Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды. Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады. ....
«Отан» ордені «Отан» ордені 1993 жылы тағайындалған. Аталған орденмен мемлекеттік және қоғамдық қызметінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, мемлекеттік құқық қорғау және әскери қызметтегі демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға айрықша еңбек сіңірген азаматтар марапатталады.
І-ші дәрежелі «Барыс» орденінің жұлдызы «Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы мәдени–қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. «Барыс» ордені үш дәрежеден тұрады. Орденнің 1-ші дәрежесі жұлдызша мен аспалы жолақтан тұрады.
І-ші дәрежелі «Барыс» ордені «Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы ғылыми, мәдени-қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. І-ші дәрежелі «Барыс» ордені жұлдызша және аспалы жолақтан тұрады.
ІІ-ші дәрежелі «Барыс» ордені «Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы ғылыми, мәдени–қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. ІІ- ші дәрежелі «Барыс» ордені жұлдызша және аспалы жолақтан тұрады. ....
Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер.Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.Банктер мемлекет пен кәсіпорындардардың,акционерлік қоғамдар мен ЖШС-дің ,мектептер мен ауруханалардың,институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшасын шоғырландырып,оларды іс жузіндегі капиталға айналдырады.Сонымен қатар банктер төлем,есептеу,несие беру,сақтандыру және тағы да басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді. Банк деген ұғым не,ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік.Банк деген ұғым италиян сөзі bank-орындық,айырбас орындығы-айырбас орны деген мағына береді.Тарихта банктың ең жай қызметі,мысалы,тұқым сатып алуға несие алған жағдай б.э.д.VIII-Vғғ Вавилонда кездескен.Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте,Грецияда,Римде зәулім ғимараттар салған. Капитализмнің алғашқы даму сатысында комерциялық банктер банкнота шығаруды капитал шығарудың бір көзі ретінде кеңінен қолданды.Дегенмен несие жүйесінің даму барысында ақша шығару сенімді ірі банктерге шоғырланды.Бұл банкноталардың төлем айналымында кең қолдануын қамтамасыз етті.Сөйтіп тарихи орталық банктердің пайда болуы коммерциялық банктердің банкнота шығаруының бір жерге шоғырлануынан пайда болды.Алғашқыда ол эмиссиялық банк,кейіннен орталық банк деп аталды.Мұндай атақ оның несие жүйесіндегі басқаруына сай беріледі.ХIХ-ХХғғ көптеген мемлекеттерде банкноталарды шығару бір эмиссиялықбанкте шоғырланып,ол мемлекеттің неси жүйесінің түйіні ретінде экономиканы реттеудің орталық қызметін атқарады.....
Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың; табыстар мен шығындардың; ақша массасы, айналым қаражаты мен инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді. Мемлекеттік экономикалық саясат ақша-кредит, салық-бюджет, баға және антимонополиялык, инвестициялық, технологиялық саясат кіруі тиіс болды. Бұл екі деңгейлі банк жүйесін құруды, алтын-валюта резервінің қорлануын, қор биржасы, салық, кеден және басқа органдар секілді жаңа мемлекеттік институттарды қалыпта дамытуды талап етті. Бірінші кезеңде өзекті міндет басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістерін алмастыру болды. Өйтпеген жағдайда туындаған проблемаларды шеш алмас едік. Ал олар анық көрініс берді. Тұтыну тауарларын өндіру барынша азайды. Қаңыраған сөрелер сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін көрсетіп тұрды. Тек бағаны өсіру есебінен пайда қуушылықтың жалпыға ортақ жарысы басталып кетті. Тауар тапшылығы, өсіп бара жатқан гиперинфляция жағдайына тап болған біз бірінші кезекте бағаның ырықтандырылуын жарияладық, ол нарықка өтудің табанды қадамы болды. Сұраныс ұсынысты туғызады деген классикалық кестені іске косу керек болды. Бірақ та адамдар бұл шараны, бағалар кілт аспандап кеткендіктен, ауыр қабылдады. Кеңестік экономикада бағалар сұраныс пен ұсынысты ескеріп емес, саяси және идеологиялық себептер бойынша белгіленетін. Сондықтан да экономика әрдайым тапшылыкты және инфляциялық болды. Оның үстіне тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етілмеген артық ақша проблемасын жоспарлы экономика әдістерімен шешу мүмкін емес. Бұл жағдайдан бірден-бір шығу жолы тұмшаланған инфляцияны ашық инфляцияға айналдыру болып табылатындықтан, кесімді бағалардан еркін бағаларға біртіндеп көшу сәтсіздікке ұшырайтын еді, сондықтан да онымен классикалык, әдістер бойынша күресу көмектеспеді. Алайда рынокты тұтыну тауарларымен толтыру айтарлықтай тез жүрді, кезектер жоғалды, карточкалық жүйе алып тасталды. Адамдар өз бизнесін ұйымдастыра бастады, белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік бастамашылық көрініс берді. Бұл сұраныс пен ұсыныс экономикасының алғашқы нәтижесі болды. Бірақ та өндіріс тоқтап, байланыстар үзілген ретт біздің біртұтас рубль аймағында тұрып жатуымыздан жағдай күрделі болып қала берді. Мұндағы келеңсіз үрдістер Мәскеу жүргізіп отырған жүйесіз ақша эмиссиясымен айқындалды. Ресейден Қазақстанға ескі рубльдер вагондап жөнелтілді, мұның өзі инфляция үшін нәрлі топырақ болды. Біз таңдау алдында тұрдық — не ақша массасын қысу керек, не бағаға қатаң мемлекеттік бақылау орнату керек. Екінші нұсқа ескі кезеңдерден әлдеқайда қалыпты болып көрінетін, бірақ та әу бастан-ақ реформалар қисынына қайшы келетін....
Кез келген елдің экономикасын басқару процесі мемлекеттің әртүрлі экономикалық сфераларға әсер етумен байланысты. Мемлекеттің әсер етуінің негізгі мақсаты: елде экономиканың тұрақты өсудің нәтижелері, қызмет көрсету және тауарларға тұрақты бағаны қамтамасыз ету, халықтың еібекке жарамдылығы, халықтың өмір сүрү деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз ету. Бұл мақсаттар өзара байланысты және оларға бір уақытта жету мүмкін емес. Экономиканы басқару тепе теңдігінің нәтижелері мемлекеттің экономикалық саясатының негізі болып табылады. Мемлекетті реттеудің негізгі құралдарының бірі- салықтық саясат болып табылады. ҚР-ның салықтық саясаты елдің территориясындағы жеке және заңды тұлғалардан, яғни төлеушілерден алынатын салықтар,жинақтар т.с.с төлемдер жинағы болып табылады. Барлық салықтар, төлемдер,жинақтар т.б төлемдер Қазақстанның бюджет жүйесіне түседі және мемлекеттің ақшалық табысын құрайды. Мемлекетте жинақталған құралдар әлеуметтік, қорғау,құқықтық қорғау және т.б. қызметтерді орындау үшін керек. СССР кезінде мемлекеттік кәсіпорындарын алынған төлемдер салықтық мінездемеге ие болған жоқ. Қазақстанда нарықтық өзгертулерді жүзеге асыру нәтижелерінде салықтық қызметтерді құруға әкеп соқты. Мұнда салықтық және төлемдер жүйесі арқылы экономикаға әсер ететін мемлекеттік қаржылық механизм болып табылады. ҚР-сының салықтық қызметін мемлекеттік органдар жүйесіне кіреді: -ҚР-ң мемлекеттік салықтық қызметі; -Орталық Республикалық органдарды мемлекеттік басқару; -ҚР-ның құрамына ұлттың немесе республиканың мемлекеттік инспекциялары; -Мемлекеттік салық инспекцияларын аудан, область, автономды құру, аумақ, қала бойынша бөлу; -Қаладағы мемлекеттік салық инспекцияларын аудандар бойынша бөлу; ....
Жалпы күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз.Сонда, жүйе – құрамында элементтері мен бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет атқаратын, дамып отыратын құбылыс. Қоғам да өз алдына жүйе. Қоғамдық жүйені түрлі әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп отыратын институттар және олардың арасындағы байланыстар құрайды. Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Яғни, саяси жүйе, саяси өмір саласының тұтастығын, қызмет атқаруын басқа салалармен байланысын қамтиды.
Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие. Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады. ....
Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тең құқықты мүше ел болып кіруі одан, яғни, Қазақстан Республикасынан басқа елдердегі халықаралық, қаржы капиталының, либерализациялық қозғалысын оқып үйренуді талап етуі. Қазіргі таңда мұның маңызы өте зор. өйткені, ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін әлемдегі шаруашылық факторларын білуіміз қажет. Сонда ғана экономикалық өсу болады. Зор макроэкономикалық мақсатқа жету үшін халықаралық қаржы мен әлемдік экономиканың глобализациялық және либерализациялық процесіне қосулу керек. Халықаралық қаржыны либерализациялау үшін елде әр түрлі реформалар жүргізу қажет. Мұндай реформалардың әр елде өз ерекшеліктері бар. Және бірнеше сатыдан тұрады. I саты: Әлемдік қаржы жүйесінің құрылуы. Соғыстан кейінгі жылдарда халықаралық қаржы капиталы қозғалысының либерализациялау мәселесі көтерілген де жоқ, Әр ел сыртқы қарызын өтеумен, құнсызданған ұлттық валютасын, бұзылған экономикасын жөндеумен әуре болып кеткен еді. Шетел валютасы арқылы жасалған кезкелген істер мұқият тексерістен өтетін. Нарықтық экономикаға макроэкономикалық тұрақтылық міндетті емес еді. Шекаралардың ашылып, шетел капиталының енуі ел экономикасының құлдырауына әкелді. Ақшалай несие және фискальді саясат экономикалық тұрақтылықты сақтайды деп есептелінді. 1952 жылдан 1962 жылдар аралығында канада ұлттық валютасын еркін қозғалысқа жіберді, ал гармания 1957 жылы капитал қозғалысының шоттарын либерализациялады. Осы кезеңдерде халықаралық экономикалық қатынастар дамуының негізінде қаржы капиталының халықаралық нарықтары құрала бастайды. Одан қаржы активтерін сату мен сатып алу жүргізіле бастады. Қаржы капиталының халықаралық нарықта әр елдің активтері бір-біріне алмаса бастады. Яғни, әлемдегі валюта, несие, қаржы нарықтары бір-бірімен алмасты. ....
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резерфтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: Жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары. Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор қаражаттарының қалыптасуымен пайдаланылуының қолданылып жүрген тетігі ағымдары экономиканың жағдайын тұрақтандыру ықпал көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарының әлемдік бағамын конъюнгтурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімде жоспарлауға көшцге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану дүниежүзілік және әшкә товар қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады. ....