file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жұмағали Саин (Ресей қызы)

Қайда естідім, сенің нәзік үніңді?
Бар денемді билеп алып барады.
Қайда көрдім, сенің бауырым, жүзіңді?
Бір ыстық от жүрегімде жанады...
Бұл от кептен көкірегімде лапылдап
Жанып тұрған махаббатым, қарағым,
Қыздырды оны сенің даусың саңқылдап,
Дәл шағырмақ ыстығыңдай даланың.
Қайда көрдім, қайда естідім үніңді?
Туысқаным, өзің айтшы қинамай!
Бар келбетің көз алдымда бүгінгі...
Тоқтамаймын сені білмей, жырламай...
Кім еді деп, сұрамадың атымды
Отандасым деген жалғыз сезіммен,
Бек таныдым... қоштасқаның ақырғы—
Міне есіме түсті сенің сөзіңнен........
Өлеңдер
Толық