Ресей Байқоңырдағы жағдайды реттемейінше зымыран ұшыра алмайды

Протон-М зымыран тасығышы құлаған аумақта гептил деңгейі айтарлықтай төмендеген. Оның салдарын жою бойынша үкіметтік комиссияның төрағасы, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен жетті.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Жақында өткен апаттың орны толмай жатып, Роскосмос Байқоңырдан тағы бір протон ұшырмаққа бекініпті деген ақпарат тараған болатын. Алайда министр жуырдағы апатқа қатысты мәселелерді шешіп алмайынша, бұған жол бермейміз деп отыр.

Қызылорда өңіріне тараған гептил мөлшерінің әлдеқайда азайғаны не керек. "Роскосмос" өткен апаттың табы басылмай жатып Байқоңырдан тағы бір протонын ұшырады деген ақпарат желдей есті.

Қызылорда өлкесін гептилден залалсыздандыру мәліметтері жарияланған комиссия отырысында осы талқыланды. Ресей тарабы қыркүйектің 15-інде зымыран тасығышын ұшырмаққа дайын екендігін тамыздың жетісінде жариялаған болатын. 

"Роскосмос" төрағасымен кездескен қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров "жағдайды реттемесеңдер тіпті зымыран ұшыруға рұхсат бермейміз", - деп  ескерту жасады.

Жаңалықтар
Толық