Термоядролық реакциялар. Радиоизотоптар, радиациядан қорғану 2-сабақ (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Радиоактивтілік
Сабақ тақырыбы: Термоядролық реакциялар. Радиоизотоптар, радиациядан қорғану 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.6.2.6 ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыру;
9.6.2.7 радиактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру;
9.6.2.8 радиациядан қорғану әдістерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыра отырып, қорытынды шығара алу;
Радиоактивті изотоптардың қолданыс аясына мысалдар келтіру;
Радиациядан қорғану әдістерін білу;.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Термоядролық реакциялар. Радиоизотоптар, радиациядан қорғану 1-сабақ (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом ядросы
Сабақтың тақырыбы: Термоядролық реакциялар. Радиоизотоптар, радиациядан қорғану 1-сабақ
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.6.2.6 ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыру;
9.6.2.7 радиактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру;
9.6.2.8 радиациядан қорғану әдістерін сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Термоядролық реакциялар. Ядроның бөлінуі мен синтез процестерін ажырату. Радиациядан қорғану әдістері. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Радиация және қазақстанның экологиялық проблемалары

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай – 2,925 км. (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай – 1,600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ланшафты белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18%), шөлді (40%). Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн. – нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.
А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы.
А аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндіршілер болып табылатын Атырау және Маңғыстау облыстары жатады. Халқының саны 1,47 млн. адам, немесе халықтың 5%-ынан кем бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің шамамен 16%-ын береді. Каспи~ маңы аймағында мұнайгаз өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай қоры - 3-3,5 млрд. тонна және газдың – 2-2,3 м3. Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1% құрайды. 1996 жылы елдің мұнай өндіру саласын қаржыландыру жүргізілді, жақын жылдары одан да артады.
Каспий тенізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95%-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен тыс аулаумен қатар теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді. Сондықтан, биокөптүрлікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек. ....

Рефераттар
Толық

Радиоактивтілік және радиацияға жалпы сипаттама

Атақты поляк оқымыстысы Мария Склодовская – Кюри уранның өздігінен үздіксіз сәуле шығаруын зерттеді. Солардың бірі – 1898 ж. шілде айында полоний элементін ашты. Дәл осы желтоқсан айында радий элементі ашылды. Осыған байланысты құбылысты Мария Склодовская – Кюри радиоактивтілік деп атады.
Радиоактивтілік – кейбір минералды элементтердің атом ядросының өздігінен ыдырап, гамма-квантын және ядролық бөлшектерін бөліп отыру қабілетті.
Ал немістің атақты оқымыстысы Вильям Конрад Рентген физика институтының және Вюрцбург Университетінің физика кафедрасын басқарып жүрген кезінде өте тамаша жаңалықтың иесі болды. Ол бұл кезде елу жаста болатын. Оның тәжірибе жүргізетін зертханасы өзі тұрған бөлменің төменгі қабатына орналасқан болатын. 1895 жылдың 8-қарашасында тәжірибе ұзаққа созылып, әдеттегіден кеш аяқталды. Бөлменің шамын сөндіргенде қараңғы үйдің ішінде плптина-синеродистый барий кристалынан бөлініп шыққан жасыл түсті сәулені көрді. Оның сәулелену себебін білу үшін жан-жағына қараса, криталға жақын тұрған қара қағазбен оралған жоғары кернеу тогымен жұмыс істейтін Круксова трупкасын сөндіруді ұмытып кеткен екен. Трупканы сөндірісімен, сәулелену жоқ болып кетті, ал жаққанда сәулелену қайта шыға бастаған. Ол осы күні үйіне бармастан, тәжірбиемен шұғылдану үстінде болды.
Рентгенге кенет «трупкадан ток өткенде мұнда бұдан бұрын белгісіз сәулелену пайда болды» деген ой келді. Ол бұл сәулелену «X сәулелері» деп атады. Кейінен оны ашқан оқымыстының құрметіне оның атымен «Рентген сәулелері» делінді.
Рентген өз еңбегін 1895 ж. 28-желтоқсанда өзқолының сәулелену арқылы түсірген суретін қосып Вюрцбургтің физика-медициналық қоғамының басшысына табыс етті.
Барлық заттардан өте алатын «Рентген сәулелері» ашылғандығы туралы Лондон телеграфымен дүние жүзіне хабарланды. Адамзаттың бүкіл зиялы қауымы бұл жаңалықты ең маңызды хабар деп қабылдады.
Ғылымда физика саласынан көрнекті табысы үшін 1901 жылы 10-желтоқсанда Рентгенге Нобель сыйлығы табыс етілді.
Париждегі жаратылыс тарихы музейінің профессоры Анри Беккерель рентген сәулелерінің табиғи құбылысын зерттегісі келген талапкер оқымысты әр түрлі минералды заттардың күн жарығынан сәуле шығаруын зерттеді. Ол бұл бақылауын қайталамақ болды. Фотография пластинкасын жарық өтпейтін қара қағазбен жақсылап орап, үстіне крест тәрізді уранның тұзын салып, столдың суырмасына салып қойды. Екі күн өткеннен күн ашылған соң ол тәжірибесін қайталамақ болып, фотопластинканы столдың суырмасынан алады. Пластинканы шығарғанда уран тұзының крест тәрізді ізі тура түскенін көрді. Бұл байқаудың Беккерель уранның тұзы жарық түскенде және жарық жоқ қараңғы жерде, күннің сәулесіне байланыссыз көзге көрінбейтін « уран сәулелерін» өздігінен үздіксіз шығарып тұрады деп қорытынды жасады.
Сонымен, рентген және уран сәулелерін ашу кездейсоқ болған жаңалықтар еді. Мұндай жағдайда кездейсоқтық «жаңалықты ашуға дайындығы мол ой иесіне көмектеседі» деп Луи Пастер айтқан болатын.
Атақты поляк оқымыстысы Мария Склодовская – Кюри уранның өздігінен үздіксіз сәуле шығаруын зерттеді. Солардың бірі – 1898 ж. шілде айында полоний элементін ашты. Дәл осы желтоқсан айында радий элементі ашылды. Осыған байланысты құбылысты Мария Склодовская – Кюри радиоактивтілік деп атады. ....
Рефераттар
Толық

Радиация

Радиация латын тілінде радиус-сәуле деген сөз.
Радиацияға күнің сәулесі, ғарыштық сәуле, Жердің табиғи радиактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті изотоптар жатады.
Ғарыштық сәулелері және Жердің радиактивтік заттарының сәулеленуі табиғи радиациялық фон құрады. Табиғи радиациялық фон Жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктерге, жануарларға, адамға және өсімдіктерге әсерін тигізеді. Оны зерттейтін ғылым саласын гелиобиология дейді.
Жердің табиғи радиактивтік заттарының сәуле шағаруы барлық химиялық заттарға байланысты болмайды. Әр түрлі элементтердің табиғи 50 радиоактивті изотобы бар. Көпшілік элементтердің тек біразы ғана радиоактивті. Кейбір химиялық элементтерде тұрақты изотроптар жоқ, олар түгелдей радиоактивті, мысалы, уран, торий, радий, полоний және т.б. Бұлардың атомдарының ядросы өздігінен ыдырап, гамма- кванттың және корпускулярлық сәуленеді.....
Рефераттар
Толық

Физика | Жердегі күн радиациясы

Жер күн сәулелері тасқыны астында айналып тұрады. Оған күннің шығарған бүкіл сәулесінің екі миллиардтан бір бөлігі ғана келгенімен, мұның өз жылына 1,36*10 кал. құрайды.
Күн энергиясының осындай мөлшерімен салыстырғанда Жер бетіне келетін басқа энергияның барлық кірісі өте мардымсыз. Мәселен, жұлдыздардың сәулелік энергиясы келетін күн энергиясының жүз миллионнан бірін, космостық сәуле шашу-екі миллиадтан бірін құрайды. Жердің ішкі жылуы оның бет жағында күн жылуының мыңнан бір үлесіне тең.
Жыл ішінде Жердегі Күнге дейінгі қашықтықтың өзгеруіне сәйкес күн тұрақтылығы ауытқып тұрады: ол январьдің басына қарай көбейіп, июльдің басына қарай азаяды. Күн тұрақтылығының жылдық +3,5% ауытқуы құрайды. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы

Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы (РӘТГТ) – сәулелендіруден өткен жасушалар ұрпақтардағы көптеген генетикалық өзгерістердің de novo туындауы. Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы бірнеше ұрпақтарға беріледі, сондай-ақ, бастапқы ұрпақтар жасушаларында байқалатын генетикалық өзгерістер сәлелендіруден өткен жасушаларда пайда болған өзгерістерден ерекшеленуі мүмкін. Осы күнге дейін есептеліп келген, сәлелендіру кезінде жасушада пайда болатын жасушалардың қырылуы, мутациялар, хромосомалық аберрациялар және ісіктердің тасымалдануы сияқты, ДНҚ-ның алғашқы құрылымының қайтымсыз зақымдалуының нәтижесі болып табылатын, иондаушы радиацияның ағзаға кері әсерінен пайда болатын осындай биологиядық өзгерістер нәтижесі болып саналатын. Бірақ бұған қарама-қарсы нәтижелер алынған, сәлелендіруден кейін тірі қалған жасушалардың бір бөлігі түрі өзгерген ұрпақ беруі мүмкін, бұдан бірнеше ұрпақтар бойы жиілігі жоғары хромосомалық аберрациялар мен гендік мутациялар пайда болуы мүмкін, кейбір жағдайда апоптоз жолымен жасушалардың көптеп қырылуына әкеліп соғады және т.б. Бұл кешеуілді радиация әсерінің байқалуы радиация әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы (РӘТГТ) деген атпен мәлім. .....
Рефераттар
Толық

Физика | Радиация (жоспар)

Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын Радиациядан қорғау осы кездегі кезек.....
Рефераттар
Толық