9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Жеңіске 70 жыл)

Абишева Гульзада Алдабергенқызы,
Н.Тілендиев атындағы облыстық
мектеп-интернатының тарих пәнінің ұстазы.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы.


Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын.....
Шығармалар
Толық

9 Мамыр - Жеңіс күні (Көптен күткен Жеңіс!) [жоспар]

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап.

Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген адаммен сұхбаттасқанды жөн көрдім. Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен....
Шығармалар
Толық

Әлия Молдағұлова (1924-1944)

Әлия Молдағұлова (шын есімі Ілия) Нұрмұхамедқызы (20.4.1924, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында туған, 15.5 1944, Псков облысында Новосокольники ауданында Казачиха деревнясында ерлікпен қаза болған.

Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (4.6. 1944). Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа.......
Рефераттар
Толық

9 Мамыр - Жеңіс күні [жоспар]

I ** жыл өттi.
II Ауыр Жеңiстiң тарихы.
1. Кеңес Одағының Батырлары.
2. Халықтың батырлығы.
3. “Ленинградтық өренім”
III Жеңіс – Қасиеттi мерекесі.

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 66 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін.....
Шығармалар
Толық

9 мамыр - Жеңіс күні (Бауыржан Момышұлы)

Мақсаты: Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету.
Кештің құрал-жабдықтары: Бауыржан өмірі жайлы слайд, банер, Батыр туралы кітаптар көрмесі.

Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік.

Сахнаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.

Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де....

Шығармалар
Толық

Қан майданда бірлікпен келген Жеңіс!

9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін атап өтетін ерекше мереке. Жеңіс күні бір уақытта қуанышты,әрі қайғылы . Қуаныштысы , себебі Кеңес әскерлері нацистік Германияны жеңді, ал көңіл көңшітері өйткені жеңіс бізге өте қымбат бағамен берілді. Еске алайық соңғы оқиғалар, соғыс, жеңіске жетуге қалған санаулы күндер…
Тарихқа шолу
Кеңес әскерлерін жеңіске деген қадамы 1945 жылдың қаңтарында, Польшаға және шығыс Пруссияға шабуылдан басталды. Кеңес Одағының әскері біртіндеп германдық бөлімдерді уақытынан бұрын......
Шығармалар
Толық

Сочинение: 9 Мая – день Победы

В 1945 году 9 мая Великая Отечественная война закончилась победой совета. Это была настоящая Великая победа. Поэтому каждый народ праздновал этот праздник каждый год. Этот день великий праздник и для Республики Казахстан.......
Сборник сочинений
Толық

Сочинение: 9 мая – День Победы

Вторая мировая война началась 1941 году. Фашисткая Германия нарушила о договоре мире. Фашисты напали в 4 утра. Наши про бабушки и про дедушки думали о нашем будущем.......
Сборник сочинений
Толық