Педагогика | Педагогикалық әдеп және шеберлік

Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді: 1) білім дәрежесі; 2) озық әдістемені меңгеруі; 3) мақсат-бағыттылығы; 4) ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі.
Маманның мінсіз даярлығы сапалық бейнелеу моделі В.Сластенин, Ю.Васильева, Е.Белозорцев еңбектерінде көрініс тапқан. Олар профессиограмма арқылы маманның кәсіби даярлығының мазмұнын, тәсіл- құралдарын, түрі және басқа да тиімді тәсілдерін табуға болады деп есептейді. Келесі көзқарас иелері: К.Дурай-Нованова ынталық, танымдық – бағалау, қызметтік бөліктерін, ұсынса, У.Даясенко-Кандыбович ынталық, бағдарлық, сезімдік, еріктілік бөліктерін алға тартады.
Қай заманның тарихын, кезінде қателескен, бұрмалаған тұстарына әділ баға беретін, сөйтіп оның кемшілік тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы үлкен.
1. Жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы керек.
2. Психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп үйренумен қатар шебер қолдана білуі тиіс.
3. Білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыларды баулу.
4. Ұстаздың ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамашылық қабілеттермен қатар болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.
Ұстаздың педагогикалық білімінің мәні қоғамдық құбылыстың бір
бөлігі ретінде тәлім-тәрбие ғылымының маңызынан келіп шығады. Өмір құбылыстарын педагогикалық тұрғыда қабылдап бағалау, өсіп келе жатқан адам тұлғасына қарым-қатынастың педагогикалық бағытын қалыптастыру мынадай факторлардың өзара әрекеттесуінен туындайды: а) зерде, өй- санасы; ә) эмоция және ырық; б) тәжірибелік іс-әрекет.
Ұстаздың міндеті – осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-
әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу барысында бақылап отыру. ....
Курстық жұмыстар
Толық