Педагогика | Педагогикалық ұжымдағы қарым қатынастардың әлеуметтік психологиясы

Ұжым психологиясы жөніндегі зерттеулер ұжымның құрылымы туралы тиянақты мағлұмат береді. Соның ішінде ұжымға әлеуметтік психологиялық талдау жасағанда оның ұйымдық құрылымы ресми және бейресми болып бөлінетінін аңғарамыз. Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерінің міндеттері мен құқықтары еңбек жүктемесінің бөлінісінің ресми реттелуге байланысты.
Ресми құрылымның шеңберінде әрбір адам кәсіптік қызметті атқаруда белгілі тәртіп ережелер негізінде еңбек ұжымының өзінің мүшелерімен әрекеттеседі. Бұл сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер білім стандарттары оқу бағдарламасымен сабақ кестесін кәсіптік әдеп қалыптарын басшылыққа алады. Әрбір мұғалім мектеп басшыларымен әріптестерімен іскерлік қатынаста болады. Ал мектеп басшылығымен ара қатынасымен реттеледі. Ұжымның қалыпты жұмыс істеуі оның ресми құрылымы бірінші кезекте ұжым әрекетіне, екінші шәкірттердің кадрларға, жұмысты ұйымдастыру деңгейіне әрекеттерді орындаудағы сапа мен жауапкершілігінің оқу тәрбие процесінің барысында тексеру нәтижесінің қорытындысына материалдық техникалық базасына, қоғамдық міндеттермен тапсырмалардың тең бөлінуіне байланысты айқындалады. Педагогикалық ұжымның бейресми құрылымы ұжым мүшелерінің алдын – ала белгіленген міндеттерінен тыс нақты іс – әрекет негізінде қалыптасады. Ұжымның бейресми құрылымы оның мүшелері арасында қалыптасқан қатынастар жүйесінен тұрады. Ондай қатынастар түрлі сезімдер негізінде қалыптасады. Мұндай құрылым ішкі көбінесе жасырын көзге көрінбейтін жағдайлар танытады.
Адамдар қоршаған орта әлемімен өмір сүреді және дамиды. Бұл қоршаған орта әлемі көп қырлы:
1. адамдардың бір – біріне қатынастары
2. адамның табиғатқа қатынастары
3. денелер әлеміне қатынастар
4. материалдық және рухани құндылықтарға қатынастары. ....
Курстық жұмыстар
Толық