Соңғы уақытта желіде «қытайлық күйеу бала» тақырыбы өршіп тұр. Қазақстандық бойжеткендердің қытай ер-азаматтарымен некеге тұруына қарсы болған азаматтар тіпті Астанада кішігірім митинг өткізген болатын. Наразылық білдірушілер қытайлық жігітке тұрмысқа шығуға батылы жеткен қазақ қыздарын азаматтығынан айыру керектігін айтқан.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Айсұлтан немересі елдегі маңызды оқиғалар, елбасының жұмысы мен жемқорлық жасады деп айыпталған шенеуніктерге қатысты өз пікірін білдіріп, ел назарына ілікті. Айсұлтан халыққа несімен танымал және 26 жастағы жігіттің осы күнге дейін жеткен жетістіктерін қандай? NUR.KZ порталы осы туралы толығырақ ақпарат ұсынады.
2017 жылдан бастап жол полициясы көлік тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайды. Бұл туралы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.
Әділхан Макиннің отбасы Әділхан Макин 1994 жылы 5 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген. Әкесі Құрманғали Макин – әскери қызметкер, қазір отставкада, зейнеткер. Анасы Зәуреш Макина – заңгер. Отбасында екі ағайынды, 2005 жылы туған Жантөре есімді інісі бар. Қазір Әділхан отбасымен бірге Алматыда тұрады. Ата-анасының солтүстіктен оңтүстікке қоныс аударғанына екі жылдай болыпты. "Әскери адам болғанымды қалады" Макиндер әулетінде өнерге жақыны тек Әділхан ғана. Содан ба, ата-анасы әуелде ұлдарының музыкаға бет бұрғанын құп көрмепті. Әкесінің жолын қуып, өмірін әскери салаға арнағанын қалаған. "10 сыныптан кейін мені мектептен шығарып жіберді. Әке-шешемнің рұқсатын алмай, музыкалық колледжге оқуға түстім. Ол кезде әкем Көкшетауда іссапарға, анам Алматыға кеткен еді. Екеуі де Петропавлда болған жоқ. Кейін анам "өз күшіңмен, оның үстіне грантқа түскен екенсің, таңдау сенікі" деп батасын берді. Әкем басында қарсы болды, уақыт өте түсінді. Қазір менің әнші екенімді мақтанышпен айтып отырады", - деді Макин сұқбаттарының бірінде.....
Қанат Ислам ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиясына қарасты Қаба ауданында дүние келген. Әкесі – Ислам, анасы – Зихат. Қанат – үйдің кенжесі. Ол 2009 жылы Үрімші қаласындағы педагогикалық университетті спортты басқару және зерттеу мамандығы бойынша бітірген. Қанат боксқа қалай келді? Қанат Исламның айтуынша, Қытайда бокс 1986 жылдан бастап дами бастаған. "Алтайдың Хаба ауданында алғаш рет Мұрат Бошайұлы деген ағамыз бокс өнерін үйренді. Туған ағам Ерлан сол бапкерден тәлім алды. Мен де Мұрат Бошайұлының шәкірті болдым. Ұстазым ағамды ауылда дайындады. Ол бокстан облыстық жарыстарға қатысып жүрді. 6-7 жастан бастап сол кісілердің қалай жаттыққанын көріп өстім. Маған оның да әсері болу керек. Спорттағы өмірім осылай басталды", - дейді ол "Батырдың көз жасы" деректі фильмінде. Қанат әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы ұлттық құрама командасының сапында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, бокстан Чикагода өткен әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері, Қытайдың 10 дүркін чемпионы атанды....