Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Гондвана жекелеген материктерге бөлінгеннен кейін Оңтүстік Америка ұзақ уақыт басқа континенттерден оқшау қалды. Сондықтан мұнда тек Оңтүстік Америкаға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың түрлері пайда болды. Африка мен Австралияда өсетін өсімдіктермен, мысалы, пальма, қараған, бөтелке ағашымен бірге Оңтүстік Американың өз түрлері — каучукты гевея, какао ағашы, хина ағашы бар. Хина ағашының ңабығынан дәрі жасалады. Оңтүстік Америка — көптеген екпе өсімдіктердің отаны (117-суретті қараңдар).
Жануарлар дүниесінің де өзіндік ерекшелігі бар. Кейбір жануарлар (құмырсқа жегіштер, сауыттылар, пума) бүкіл материкте кездеседі.
Экваторлың ормандар зонасы. Бұл зона, Африкадағыдай, экватордың екі жағында орналасқан. Оңтүстік Америкада оны сельва деп атайды, бұл португал тілінен аударғанда «орман» дегенді білдіреді. Оңтүстік Америкада бұл зона Африкадағыдан гөрі едәуір көлемді жерді алып жатыр. Сельва Африкадағы ормандарға қарағанда ылғалдылау, өсімдіктер мен жануарлар түрі де көбірек. Мұнда биіктігі 80 м-ге жететін сейба ағашы өседі, пальманың алуан түрлері, қауын ағашы, какао, гевея өседі. Орманның ірі өсімдіктерін лианалар шырмаған. Ағаштардың діңінде әдемі гүлдейтін орхидейлер көп. Көптеген өсімдіктерден бағалы ағаш сүрегі ғана емес, сонымен бірге жемістер, шырын, техника мен медицинада қолданылатын қабық алынады.
Орман шетіндегі топырақ — қызыл-сары ферралитті, ол Африка ормандарындағыдай түзіледі.
Сельваның жануарлар дүниесі ерекше бай. Мұнда ағаштың басында тіршілік етуге бейімделген жануарлар: ілмек құйрықты маймылдар, жалңауаң мекендейді. Тіпті, бақалар мен кесірткелер де ағаштың басында тіршілік етеді. Өзендер мен батпақты жерлерде тұяқты жануарлар — тапир мең Жер бетіндегі ең ірі кеміруші су шошқасы — капибара мекендейді. Оның салмағы 50 кг-ға дейін жетеді. Жыртқыштар аз, олардың ішіндегі көбірек белгілісі — ягуар.....
Рефераттар
Толық

Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Тақырыбы: § 41-42  Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Мақсаты:

І Білімділік: Табиғат кешендеріне сипаттама бере  отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу.

ІІ Тәрбиелік: Оқушыларға   Оңтүстік  Американың   қайталанбас тіршлік дүниесін қорғау және сақтау шараларын  түсіндіру барысында эстетикалық  және  экологиялық  тәрбие беру.

ІІІ Дамытушылық: Оқушылардың картамен,  кестемен,  электронды оқулықпен жұмыс жасауын одан әрі дамыту.

Көрнекіліктер: Жарты шарлар картасы, атлас, таратпа материалдар, электронды оқулық, Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы

Ашық сабақтар
Толық