Сақтық бата

Дұшпанның табасынан сақта,
Достың наласынан сақта.
Өмір бойы жазылмайтын,
Жүректің жарасынан сақта.
Шарасыз шерменде болғаннан сақта,
Мезгілсіз солғаннан сақта.
Ағайынға көзтүрткі болып,
Сүмірейтіп қорлаудан сақта.
Сенгенің сатып кеткеннен сақта,
Дұшпан алдында шөккеннен сақта.
Қарғап - сілеп тамам жұрт,
Қаһарын төккеннен сақта.
Үгіліп жылағаннан сақта,
Араша сұрағаннан сақта.
Амалың құрып есеңгіреп,
Қайтып тұрмастай құлағаннан сақта.
Кесапаттың зәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта.....
Баталар
Толық

Сапарға, жолаушыға бата

Иә, Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Жортқанда жолың болсын,
Жолдасың періштелер болсын.

Жер жүзіндегі қатерден
Жаппар Иеме тапсырдым!
Судан келер қатерден,
Сапардағы қатерден.....
Баталар
Толық

Үй иесіне бата

Шаңырағың шалқи берсін.
Керегең кеңи берсін.
Осы үйге ән - күй келсін,
Дұшпаның кеми берсін.
Дастарқанға береке берсін.
Күнде мереке болсын.
Қастық ойлағандар,
Қабағы ашылмай келеке болсын!
Әумин!

***
Бастарыңа бақ берсін,
Не берсе де нақ берсін!
Қырда жүрген Қызырды
Үйлеріңе ап келсін!
Қарындарың тоқ болсын,
Қайғыларың жоқ болсын!
Шүпірлеген үйіңде,
Балаларың көп болсын!
Бата бердім, бақ тіледім,
Ақ дастарқан басына.
Я, Құдайым, шын тіледім,
Келсін деп менің қасыма!
Көңілің көлдей болып,
Көргенің түстей болып,
Қыдыр қонсын басыңа!....
Баталар
Толық

Пернетақтада жоқ таңбалар 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәтін
Сабақ тақырыбы: Пернетақтада жоқ таңбалар 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою;
3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттер қолдану.
Сабақ мақсаттары: Пернетақтада жоқ таңбаларды қолданып үйрену.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жастарға бата

Жарылқа, Тәңір, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Бере гөр, мына жастарға
Ізет - абырой, бақ - дәулет.
Береке орнап бақ қонсын,
Баянды боп нақ қонсын.
Талап қылса әрнеге,
Тек жақсылык, тап болсын.
Жастығы өтсін гүлдей боп,
Төрт құбыласы бірдей боп.
Бере көрме оларға,
Жан төзгісіз бір бейнет.
Жолдары болсын әманда,
Пайдасы тисін қоғамға.
Тәңірім өзі қолдаса,
Бақ қонады адамға!
Әумин!.....
Баталар
Толық

Мал-жанға берілетін бата

Е, Құдайым, оңдасын,
Мың саулығың қоздасын.
Сегіз түйең боталап,
Сегіз келін қомдасын.

***
Жүзге жетсін түйеңіз,
Үш жүз болсын биеңіз!
Әлдеріңнің келгенінше
Жығылғанды көтеріп,
Сүйенгенді сүйеңіз!
Тарығып келген адамға,
Бермесек, отқа күйеміз,
Бергенді тым - ақ сүйеміз.
Жомарттық қылып қолдасаң!
Әрбір жерде жар болсын
Бір жасаған - Иеміз!.....
Баталар
Толық

Мерейтой батасы

Той дастарқаны мол болсын,
Берекелі қол болсын,
Тойға келген қонақтың,
Бәріне сәтті жол болсын.
Тілектерің оң болсын,
Жұқармайтын қоң болсын,
Екеуіңнің кигенің,
Алтын жағалы тон болсын.

***
Құрметті той иесі,
Ісіңді тағдыр оңдасын,
Қайда жүрсең қолтықтап,
Қыдыр бабаң қолдасын!
Жамбылға ұқсап көп жаса,
Денеңде дерт болмасын,
Тойың тойға ұласып.....
Баталар
Толық

Тікелей эфир арқылы жұма намазын оқуға бола ма?

Соңғы уақыттарда жаман індеттің тез таралуына байланысты мешіттерімізде жұма, жамағат намаздары тоқтатылды. Мұндай шешімді Қазақстан ғана емес, Түркия, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Кувейт, Мысыр сынды әлемнің көптеген мұсылман мемлекеттері қабылдады.
Кеңестер
Толық

Бауыржан Момышұлының ақ батасы!

Е, Жаратушы, Жасаған!
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет.
Тозақтағы оттан сақта,
Қаңғыған оқтан сақта.
Парақор соттан сақта.
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қара жүрек батылдан сақта,
Дәйексіз тіл тақылдан сақта.
Адалдықты арбаған ақыннан сақта,
Ашу жеңген ақылдан сақта,
Қайырымсыз жақыннан сақта.....
Баталар
Толық