«Аъузу билләһи мйнәш-шәйтанир ражим»-ды үш рет айтып, үш рет сол оянған жағына құрғақ түкіріп, басқа бүйіріне аударылып жату керек. Егер қаласа намаз оқыса тіпті жақсы болады. Жаман түсті ешкімге айтпағаны абзал.....
Жас сәби науқастанып (иттиіп) қалса бұл Нас, Фалақ сүресін оқысын, және шошып қорқатын болса, ондай жағдайда сол сүрелерді оқығаны пайдалы. Пайғамбарымыз (с.а.с.) немересі Хасан мен Хусейінге мына дұғаны көз, тіл әрі дем есебін оқитын: «У-ъизукума бйкәлймәтил лаһит-таммати мйн кулли шайтанйн, уә һамматйн, уә мйн кулли ъайнйн ләмматин!».
«Рабби лә тазарний фардау уә антә хайрул-уарисийн» (Ал-Анбия сүресі. 89-90 аят). Бұл аятта Закария (Ғ.С.) Аллаһ Тағаладан тілеген, содан оның тілегін қабыл етіп Яхя атты перзенті дүниеге келген.
Қазақ халқының таяу заман тарихында ерекше орынға ие Алаш қозғалысының тарихы көбінесе Алаш Орда үкіметінің тарқауымен байланыстырылып 1918 жылға дейін келіп аяқтатылады. Алайда бұл мәселеге тереңнен үңілгенде, оның ауқымының одан әлдеқайда әріде, Мұстафа Шоқайдың күрес тарихымен жалғасып 1940 жылдарға дейін барғанын көреміз. Алайда, Мұстафа Шоқайдың іс-қимылдарын Алаш Орда қозғалысынан бөлек қолға алу басым болып отыр. Атап айқтанда, Алаш қозғалысы, Алаш Орда үкіметі мен Мұсафа Шоқай, Түркістан автономиясы, Шоқайдың Еуропа елдеріндегі саяси іс-қимылдары көбінесе бір-бірінен тәуелсіз әрекеттер ретінде бағалануда. Мұның себебі түсінікті. Өйткені Алаш Орда үкіметі және оның жетекшілері туралы зерттеулер, Мұстафа Шоқай туралы зерттеулерге қарағанда көш ілгері болып отыр. Сонымен қатар кеңестік кезеңде тыйым салынған Алаш жетекшілері туралы ақиқаттар қайта құру-жариялылық кезеңінде ақтаңдақ беттер ретінде Шоқайдан бұрын қолға алына бастады. Тіпті олар 1988 жылы Компартияның қаулысымен ақталған да болатын. Осы кезде Шоқай туралы еш нәрсе айтылмады. Шоқай тек Қазақстанның соңғы шындығы ретінде, Алаш қайраткерлерінің ақталуынан екі жыл өткеннен кейін, атап айтқанда 1990 жылдың аяқ шенінен кейін ғана ауызға алына бастады. Қазақстанда бұрынғы Кеңестік идеологияның салдарынан Шоқайға сенбей күмәнмен қараушылар қатары күн сайын азайып келе жатса да, әлі де баршылық. Сонымен бірге Алаш Орда жетекшілері туралы зерттеулерде, олармен Шоқай арасындағы қарым-қатынастар, әсіресе Алаш және Түркістан автономиялары құлағаннан кейін оның жетекшілері Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай арасындағы байланыстарға жеткілікті назар аударылмауда. Міне осы себептерден Шоқайдың Алаш қозғалысымен бірге аталмай жүрген болуы мүмкін. Көпшілікке белгілі жәйт, Шоқай Петербург университетінде студент кезінен бастап Алаш Орда жетекшісі Бөкейхановпен тығыз байланыста болды. Тіпті Шоқайды саясатқа баулыған Бөкейхановтың өзі десек қателеспеспіз. Демек Шоқай Алаш қозғалысының рухы болып есептелетін Бөкейхановтың саяси шәкірті. Оған қоса Ташкенде, Қоқанда Түркістан автономиясының ішінде жүргеннің өзінде Бөкейхановпен байланыста болып жүрді. Олай болса, Шоқай шетелдерге шыққаннан кейін Алаш идеяларын ұстанбай жүре ала ма? Әрине жоқ. Ол заңды түрде Алаш мақсаттарын орындап жүрді. Тіпті оның мақсат-мүдделерін одан әрі дамытты десек артық айтқандық бола қоймас. ....
«Алпамыс батыр» жыры қазақ халқының ауыз әдебиетіне жатады және жырдың қазақша бірнеше нұсқалары бар. М. Ғабдулин «Алпамыс батыр» жырының жиналуы мен зерттелуі тураы былай деп жазады: «…«Алпамыс» қазақ еліне, әсіресе оңтүстік қазақтарына, ертеден таныс, көп заман бойына ауызша айту арқылы тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 - жылы Қазан қаласында бастырып шығарды. Содан кейін жырдың осы варианты өзгеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылды. Жырдың бұл вариантында айтылатын негізгі әңгімелер Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық ханға аттануы. Ұлтанды жеңуі жайында болатын…» (М.Ғабдуллин,«Қазақ халқының ауыз әдебиеті», Алматы, «Мектеп» баспасы, 1974- жыл, 169 -170 беттер). Алпамыс батырдың қалмақтармен соғысқан сәті жырда былай суреттеледі: … Астында Шұбар секірді, Жазым болып кетер деп, Үстінде бала бекінді, Шынжыр арқан,темір тор, Жүн- жүн болған секілді. Тағы шұбар бұлқынды, Үстінде бала жұлқынды, Қамалап тұрған қалмаққа, Жалғыз бала ұмтылды. Енді қалмақ сасады, Қақпаның аузын ашады. Біріне бірі қарамай, Қақпаға құлып сала алмай, Бет бетімен қашады. Алдыңғы жағын қалмақтың Арт жағы келіп басады… …Көк орданың басында, Көк өзеннің қасында, Тайшық хандай ханына Алпамыс берен айқасты. Қарсыласып қалысты, Тайынбай найза салысты. Біріне бірі ылағып, Екі найза қағысты. Осы менен екеуі Біраз жерге барысты. Найзаларын тастасып, Қылышпенен салысты. Ат үстінен жүгіртіп, Бірін бірі шабысты… («Алпамыс батыр», «Қазақ әдебиеті» (хрестоматия), құрастырушылар: Т.Ақшолақов, Ә.Қанафин, М. Хасенов, Алматы, «Мектеп» баспасы, 2001 -жыл, 89 бет).....
XX ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Тройцкі қаласындағы «Энергия» баспахансында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік саяси-өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі роль атқарды. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған ілгері дамытқан журнал болды. «Айқап» журналын ұйымдастырушы және редакторы демократ –жазушы Мұқаметжан Сералин (1872-1929) болды. М. Сералин журналдың төңірегіне өзімен ниеттес көрнекті ақын жазушыларды, қоғамдық қайраткерлерді топтастырды. Журналдың секретары 1911-12 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-14 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Әр уақытта тілші, автор болып Сәкен Сейфуллин , Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және осылар сияқты ақын-жазушылар қатысты. [45]. «Айқап» журналы осылай аталуының себебі мен алдағы мақсаты туралы 1911 жылғы 11-санында бастырушылар алқасының атынан былайша түсінік береді: «Айқап» деген сөз қазақтың төл сөзі, ол ғасырлар бойы мәдениеттен, білімнен, кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынды. «Ай, қап!» деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді. «Айқаптың» төңірегіне жиналып, қазақ халқының қоғамдық ой –пікірінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан әдебиеті мен мәдениетті жайында байсалды талғамдар айтқан журналдың редакторы М. Сералиннің «Айқап» журналының басқармасында қызмет еткен жазушылардың еңбектері ерекше. «Айқап» журналының бетінде қазақ совет поэзиясының алыбы - С. Сейфуллиннің алғашқы өлеңдері, Б. Майлиннің тұңғыш мақалалары басылды және С. Дөнентаевтың бірнеше өлеңдері жарияланды. Журнал оқу, жас буындарды тәрбиелеу және мәдени-ағарту ісіне шын мәнісінде прогрестік және демократиялық тұрғыдан көңіл бөлді. Бұл іске Сералин өзі сияқты мұғалім , жазушыларды публицистерді тартты. «Айқап» отырықшы болуды мәдениет мәселелерімен байланыстыра үгіттеді. М. Сералин орыс халқының ғылымын, өнерін, тілін үйрену керек дей келіп, бұларды білу үшін школа мектеп ашу қажет. Бұл 4-5 үйдің қолынан келетін іс емес, кедейлердің баласын алыс жерге жіберіп оқытуға қалі келмейді. Сондықтан « бір жерге қала болып жиналудан басқа ем жоқ». Ал «50-60 үй бір жерде , жиналып отырса, оларға орталарынан молда (мұғалім) ұстап бала оқыту оңай ....