Алтын балта

Ертеде бай мен кедей көрші болады. Кедей диірменге барса, байдын балтасын сұрап алады. Бір күні кедей диірменге барып балтасын ағып жатқан диірменге түсіріп алады. Ол диірменшіге балтамды алып бер дейді. Ол қолын диірменге салып бір алтын балтаны алып шығады. Ол кедейден «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Кедей.......
Ертегілер
Толық

Қу түлкі

Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
- Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір......
Ертегілер
Толық

Қардан жасалған гүл

Анашым, ертегі айтып беріңізші?! Жарайды, айтып беремін. Тек кеш батсын. Не үшін кештің батқанын күтуіміз керек? Білмеймін...ертегіні кешке тыңдаған жақсы сияқты. Жақсы. Онда келістік. Қызым күн батқанша әрең шыдады. Қыстың келте күні әп-сәтте кешке ұласты. Пешке жағылған оттың қызуы үйді жылытып жіберді. Жарықтың сөндірсең, отың ойнаған алауының көлеңкесі керегеде ойнайды. Осындай кезде бала кездегі ата-анамның......
Ертегілер
Толық

Балықтар неге сөйлемейді?

Ерте, ерте, ертеде сиқырлы көк теңіздің астында балықтар патшалығы өмір сүріпті. Олар бір-бірімен өте тату-тәтті тұрыпты. Достықтарының, еңбексүйгіштіктерінің арқасында басқа патшалықтарға да үлгі болыпты. Барлық патшалық балықтар патшалығына қызыға қарапты. Өйткені, балықтар күндіз тынымсыз еңбек етіп, кешке көңілді сауық-сайран құрады екен. Олар теңіз бетіне шығып, әртүрлі іс-қимылдар арқылы бидің түрлі тәсілдерін көрсетіпті. Би ырғағымен ......
Ертегілер
Толық

Алтын санаған аштан өледі

Қай заманда өткені белгісіз, Сағат есімді үрерге иті, сығарға биті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты. Ол бірде аштықтан көзі қарайып, басы ауған
жаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы мендеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетіпті. Арқасына аяздай батқан жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады. Жарлының жолын кес-кестеп:
– Оян! – депті.
– Өзің жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жертөленің орны бар. Сол арадағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен саудагердің былғары сақтияны.....
Ертегілер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Оқу жабдықтары, білім

Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.
Білім

Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай жақтан келерін де адам білмес.
Азаттығы сонымен дүниенің,
Онсыз тірі ешкім де дәуір сүрмес.
Сөз

Тыста – арқаңдамын,
Сыныпта – партаңдамын.
Портфель
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Қолөнер (ине, жіп, оймақ, қайшы, түйме, ұршық)

Зырлайды күшік әжемнің
Қолынан сүйек кеміріп,
Күн асқан сайын ақ күшік
Барады мүлде семіріп.
Ұршық

Жиһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістегені қылдан таяқ,
Бір ұрсаң шапалақпен семіреді,
Белбеуі бар белінде сансыз қабат.
Ұршық
Жұмбақтар жауабымен
Толық