Менің Отаным!

Төскейінде Абылай ат байлаған,
Атам жұрты аманат бүгін маған.
Желтоқсанда жендеттер желіккенде,
Жанын беріп қорғаған Қайрат ағам.
Кең көсілген айбыны асқақтаған ата мекенім, сенің бір уыс топырағың біз үшін алтыннан да бағалы. Себебі , өткен ғасырларда тойымсыз озбырлардың тұтқиылдан шабуылынан қаншама жазықсыз жандар қыршынынан қиылды. Батырларымыз бен біртуар даналарымыз ел іргесінің сөгілуіне жол бермес үшін ел бастап дұшпанға қарсы тұрды, жан түршігерлік қиыншылыққа шыдас беріп, тәуекелдерге барды.
1986 жылғы арпалыста өрімдей жас құрбандардың қанындағы өр рух, атамекеннің киелі ауасы арқылы бізге дарыған. Азаттықтың ақ таңында еркін самғаған біз жас буындар қасиетті ата жұртымыздың болашақ тірегіміз......
Шығармалар
Толық

Менің Отаным-Қазастан!

Отан . Бұл сөз – әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам отансыз болмайды. Ал менің отаным, ол шетімен бұл шетіне ұшқан құстың қанаты талып жете алмайтын, кең байтақ қазақ жері - Қазақстан елі. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлауы, түтіні бұрқыраған ауылы, бақтағы бұлбұл құстың үнімен айдындағы аққу құстың қиқулаған үні келеді.
Қазіргі таңда, Қазақстан өркениетті ел, күннен-күнге қарқындап дамып келе жатқан дамушы ел. Әлемге танылып үлгерген ел. Жаңа ғасыр табалдырығын өзіне үлкен сенімділікпен нық аттаған ел.......
Шығармалар
Толық

Ұлы далам - ұлан-байтақ Отаным!

Отаным деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр еткен заманға жеткен елімді мақтаныш етемін . Менің Отаным - Алтайдан сонау Атырауға дейін көсілген:
Батысында Жайық, шығысында Ертіс есілген,
Тарихын шертсе тұсауы тілдің шешілген.
Жұртының ыстық жүрегінен жұлдыз тұтанған,
Отаным осы - Қазақстан болып атанған!-деп ақын жырлағандай, Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан -ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата –жұрт. Әні мен күйі шалқыған ғажайып сұлу сахара!
Менің елім - Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айта алары хақ . Осындай аймағы үлкен, қойнауы қазынаға толы құнарлы жерімізге кімдер көз тікпеді? Олар қазақ жеріне иелік ету үшін қаншама рет шабуыл жасап, елді тыныш қоймады.......
Шығармалар
Толық

Менің Отаным – Қазақстан

Патриот болу – өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету.Бірақ өзіңнің тарихынды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей нағыз патриот бола алмайсың» -деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай еліміздің әрі қарай дамуына, көркеюіне өз септігімізді тигізуіміз керекпіз. Патриоттық сезімнің қайнар көзі туып өскен елің, кіндік қаныңтамған жерің, Отаның болып табылады. Ендеше, патриотизм дегеніміз – өз халқына деген сыйластық және өзіңнің Отаның үшін әр сәтте ерлік жасауға дайын тұрушылық. « Өз елім, өлең төсегім», « Өз елің – алтын бесік» деген мақалдарда әркімнің туған жері өзіне ыстық,өзіне қымбат.......
Шығармалар
Толық

Менің Отаным – Қазақстан

Отан...Бұл-әр адамның жанына жақын,жүрегіне жылы тиер сөз.Құс
ұясыз болмайтындай,адамОтансыз болмайды.Ал менің Отаным –сонау Солтүстік Қазақстанды қамтиды.Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау,түтіні бұрқыраған ауыл,жазық дала елестеп,бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.
Қазақстан-тәуелсіз ел.Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші ?! Еліміздің басынан азап та,аштық та,сұм соғыс та өтті.Әсіресе, 20 ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп,қайғыға толы кезеңмен есте қалды.Қанша қиыншылық келсе де,біз оларды ешқашан ұмытпаймыз,айтпаймыз да.Себебі,бұл-тарих.......
Шығармалар
Толық

Отаным

Отаным-неткен көркем едің,
Алдыңда бас иемін.
Қымбат сенің өпкен желің,
Әр таңың да қымбат сенің.
Отан-неткен керемет сөз еді! Отан деген сөздің өзі жүрегіңе үлкен махаббат ұялатады. Отан-біздің туған жеріміз. Ол-ата-анамыз, туған-туыстарымыз, дос-жарандарымыз және өзіміз тұрып жатқан ел.
Менің Отаным-Қазақстан. Оның астанасы-Астана қаласы.Отанымызды, туған-жерімізді қорғау үшін көптеген батырлар өз жандарын қиды, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай сынды Отан үшін қолға қару алып, жауға қарсы аттанған батырларымыздың есімдері тарихта өшпестей із қалдырды.......
Шығармалар
Толық

Отаным – алтын бесігім

Сабақтың мақсаты: балаларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақты өткізу формасы: Викторина

Сабақ барысы:
Музыка әуенімен балалар бірінен соң бірі залға кіреді.
Жүргізуші:
Елім менің тәуелсіз жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір дәмін.
Рухы ұлттың өлместей боп.
Көк байрағын төбеме көтерген күн.
Қазақстан Мемлекетінің Әнұраны......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Менің Отаным

Мақсаты: бүлдіршіндерді Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне, туған ауылына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекі құраладар: 1. Ұран сөздері жазылған плакаттар.
2. Туған жердің көріністері.
3. ҚР рәміздері.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар!
Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз, «Менің Отаным» атты ашық көріністі бастайық.
Әнұран орындалады.
Тақпақтар:
Отан,Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
1. Мәңгілікке бақытсыз боп етер ем.
2. Отан деген атамекен, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Менің Отаным - менің мақтанышым

Уа, туған жер, неткен байтақ, ұлы едің,
Дүние есігін өзіңмен ашып, өзіңде өсіп келемін...
Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұлдың үні мен аққудың қикулаған даусы құлағыма келеді......
Отан... Бұл сөз әр адамның жанына жақын , жүрегіне жылы тиер сөз. Кімге де болсын қымбат ұғым. Қазақ жері жүрегі қазақ деп соққан әр азамат үшін қастерлі. Ұлы мекенімізді бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғады . Ғасырлар бойы ұрпағына мұра болған жер.......
Шығармалар
Толық

Менің Отаным – Қазақстан

Біздің ел – Қазақстан Республикасы – бұл жүзден астам адамдар тұратын ел: орыстар, қазақтар, немістер, украинецтер және т.б. Біздің Отанымыздың үлкен және кіші халықтарын есептеуге өте қиын. Қазақстан – бұл барлығымыз үшін Отан. Біздің көбіміз мұнда туды, өмір сүреді, білім алады, біздің Отанды дамыту үшін жұмыс істейді. Қазақстанда он бес миллион адам тұрады . Мында тұрғандардың бәрі тілді, тарихты және қазақ халқының дәстүрін білуге талпынады.Қазақ халқы өте қонақжайлы және Менің Қазақстаным – бұл ең қымбатты, мәнді,......
Шығармалар
Толық