Сочи Олимпиадасының алауы ғарыштан Жерге оралды

Құрамында Ресей ғарышкері Федор Юрчихин, американдық астронавт Карен Найберг пен итальяндық астронавт Луки Пармитано бар ХҒС экспедициясына қатысушылар Жерге қайтып оралды.

"Союз ТМА-09М" басқарылатын көлік кемесі жоспарланғандай, Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай сағат астана уақыты бойынша 8:49-да қонды. ХҒС-тағы экспедициясын аяқтаған ғарышкерлер Жерге Сочи Олимпиадасының алауын алып келді. Ғарышкерлер мен олимпиада алауының жерге қонуын Ресей тікұшақтары бақылады.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні Олимпиада алауы бірінші рет ашық ғарышта болды. Ғарышқа оны Ресей ғарышкерлері Олег Котов пен Сергей Рязанский алып шықты.

Жаңалықтар
Толық

Ақша

Істі істеу үшін емес, жеңіске жету үшін бастаңыз

Адам баласына, ақшаны есептемегенде, табиғаттың бергенінен артық ештеңе қажет емес

Ақша қымбат тұрады(Р.Эмерсон)
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық