Ол көктем оралмайды

Алмас екеуміз көктемнің күздей сүркейлі бір күнінде таныстық. Ол біздің үйге келді. Өзі сымбатты әрі өнерлі жігіт екен. Маған ән салып берді. Мен оны алғаш көргеннен-ақ ұнатып қалдым. Ұнатып емес-ау ғашық болып қалдым. Арада көп өтпей біз үшін мәңгі оралмайтын махаббат күндері басталды. Бірак ол да ұзаққа созылмады. Біз айырылыстық. Мен оны қимадым, соңғы сәтке дейін мойнына асылып тұрып кетпеуін өтіндім. Бірак ол кетті, мәңгіге кетті. Мен үшін ол күндер тозақпен пара-пар еді. Үнемі оны сағынатынмын, ешкімге көрсетпей жылайтынмын. Екеум із бірге баратын сол тауға ылғида жалғыз баратынмын. Өткен күндерді еске алатынмын. Ол күндер менің өмірімдегі ең бақытты сәттер еді ғой.

Алайда мен оның алдына қайтып бара алмадым. Себебі...
Арада 3жыл өтті, дәлірек айтсам 2жыл 7ай уақыт өтті. Мен мектепті бітіріп,атағы Алатаудай Шығыстағы ең беделді оқу орнына түстім,оқып жатқан мамандығымда екінің бірінің қолы жете бермейтін аты ерекше мамандық. 1курстың бірінші семестрін бітіріп,үйге барып қайтқаннан кейін көрші қаладағы апайымның үйіне бардым. Ол жерден Алмастың телефон номерін тауып алдым. Екі-үш күннен кейін хабарластым. Ар жағынан өзіме әбден таныс үн құлағыма келді. Ал көз жасымды тоқтата алсамшы,екеуміз ұзақ сойлестік. Енді өткен істі бастамайтын, дос болып қал атын болдық. Алайда сол күндерді еске аламыз, ол ештеңені де ұмытпапты, бәрі есінде екен. "Сен өзгердіңбе?.....
Махаббат хикаялары
Толық