Тарих тереңіне үңілсек, ата-бабаларымыздан ескерткіш болып қалған мәдени орындар баршылық. Бүгінде Қызылорда атауымен Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналған Ақмешіт – көне бекініс орны. Ол осы Қызылорда қаласының орнында болған. Бекіністі, А.И.Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, 1817 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекіністің жобасы шаршы болған, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекіністің сырт жағынан ені 10 м ор қазылған және ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2 қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған.....
Әләуләй,әләуләй, әләуләй! Ылғи ет жеп жүреді елде болысың-ай. Ылғи ғана құйрық пен бауыр жер едім, Егер ғана мен де болсам ауылнай, ауылнай. Мына қолдың саласынан май тамар, Ішіп болмай қымыз деген жай қалар. Болыс болсам, арманым не, уа, шіркін! Бірақ мына қойды кім бағар, кім бағар? Әләуләй, әләуләй.....
Бір бағыланды сойғызып, Іргеге жастық қойғызып, Үйіне болыс кеп отыр. Кұйрыққа бауырды астарлап, Пыс-пыс етіп қос қолдап, Сылқылдатып жеп отыр. Қасындағы хатшысы, Алаңғасар......
Бір қаладан шығарып, Азғантай елді қақ жарып, Шойын жол сала бастап ед. Өтіп кетті талай жыл, Бітті ме екен сонау жол? Пұл жетпей баста тастап ед. Өтінішім, інішек, Сол жаққа барсаң.....
1456 — Қазақ хандығы құрылды. Ел бастаған Керей хан мен Әз-Жәнібек хан Шу, Талас алқабына ірге тепті. 1456—1470 шамасы — Керей хан билік құрды. Орда орнықты. 1460 — Керей хан мен Әз-Жәнібек хан Моғолстанның Есен-Бұға ханымен одақтаса отырып, қалмақ (ойрат) шабуылының бетін қайырды. 1465 — Керей ханның туы астындағы......
Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.
Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы........
Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына. Тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына.
Тіл - өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Тіл – ұлттың тірегі. Заңғар жазушы М.Әуезовтің «Ұлт болғың келсе, бесігіңді түзе» деуі тегін айта......