Жасыл дала, жасыл қыр, жасыл ғалам, Жасыл нұрмен, табиғат, асыл бағаң. Жасыл дала төсінде ойнайды Ертіс — Еркелігі әлі де басылмаған. Ертіс бойын жағалай ұшар әнім, Тұнығынан иіліп іше аламын. Кенет... түсті есіме шөлдеп жатқан Ауылым — менің құйттай Ұшаралым. ... Құлағыма көңілсіз күй келеді, Сарғаюда су жетпей жиделері. Ыстық желден қураған жапырақтар Сөйлер еді, су болса, билер еді.......
[quote]Жамбылдың бір ниеті Алматыда. Болмайды үйде қарап шал жатуға. Жәмшіктер ұлықтасып күн-түн демей, Тынымсыз қара жолды шаңдатуда. Үй тігіп, би болыстар бекет сайын, Керекті салтанаттың бәрі дайын. Жасауыл жарқылдатып сары қылыш, Салады ел басына сары уәйім.......[quote]
Құттықтаймын өлеңмен, Шыққанда бес мың нөмірің! Күнде оқимын өзіңді, Қадап кәрі көзімді. Балаларым оқыса, Не жазған деп тыңдаймын, Әрбір сөзін тыңдасам, Өсе түсед көңілім!.....
Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Сулейман Демирел университетінде XXI - ғасырдың IT-маманын кәсіби даярлау тұжырымдамасы әзірленді. "Отандық білім беруді жаңғырту жағдайында көптілді IT-маманның инновациялық құзыреттілік моделін әзірлеу және енгізу" тақырыбындағы ғылыми жоба 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсының....
Шойын деп құрамында көміртегінің шамасы 2,14%-дан артық темір мен көміртегінің қорытпасын айтады. Оның болаттан негізгі айырмашылығы құрамындағы көміртегі санының көптігі ғана емес, құйылғыштығы жақсы, құны болаттан арзан, ал пластикалық қасиеті едәуір төмен. Құрамында көміртегінің қалыптасу жағдайына қарай шойындардың келесі түрлерін ажыратады: ақ шойын, сүр шойын, созылғыш шойын, аса берік шойын және арнайы шойындар. Шойында көміртегі мен темірден басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор және басқа элементтер болады, олардың мөлшері мен әсері болатқа қарағанда басқаша. Кремний шойын құрамына графиттену үдерісін күшейтіп, қатты әсер етеді. Оның мөлшері 0,8...3,6%-ға дейін болады. Марганец графиттену үдерісінің өтуіне кедергі жасап, шойынның ағаруына көмектеседі. Шойын құрамындағы марганец мөлшері 0,5...1,5% болады. Күкірт те марганец сияқты шойынның ағаруына көмектеседі, оның құю қасиетін нашарлатады, сондықтан шойындағы мөлшері шектеледі, 0,15%-дан аспауы керек. Фосфор шойынның сұйық аққыштығын жақсартып, графиттену үдерісіне әсер етпейді. Шойын құрамында оның мөлшері 0,3%...0,12% болады. Ак шойын ақшойындар көміртегі цементит күйінде болады, ал графит бос күйінде болмайды. Ағартылған шойыннын, тек сыртқы беті ғана цементит, ал негізі сұр шойын. Мұнда да графит бос күйінде кездеспейді. Ақ шойыннан құйылған құймалар қаттылығының, тозуға, тотқа төзімділігінің жоғарылығымен, жалынға, жылуға төзімділігімен сипатталады. Ақ шойыннан кұйылған құймаларды тек қана өте қатты қорытпадан жасалған кұрал-сайманмен кесу аркылы өңдеуге болады. Ақ шойынның қолданылатын жерлері: 1. Т о з у ғ а жұмыс істейтін детальдар (тежеу қалыптары, ұсақтағыш машинкалардың және сұйық дайындайтын абразивті насостардың тетіктері). 2. Жалында және жоғары температурада жұмыс істейтін детальдар (оттық және т. б.). 3. Химиялық әсерге ұшырайтын детальдар (қазандар, мырыш қорытатын аппаратура және химия өндірісіндегі арматуралар). Ақ шойын химиялық кұрамы бойынша қоспалы және қоспасыз болыл екіге бөлінеді. Қоспалы ақ шойын никельді және борлы (тозуға төзімді), жоғары хромды (тозуға және жылуға төзімді), жоғары кремнийлі (кышқылға төзімді) болып бірнеше түрге бөлінеді. Ағартылған шойынның тек сыртқы ағартылған беті ақ шойын, ал негізі сүр шойын. Ағартылған шойын прокат біліктерін, гидравликалық цилиндрлер және тағы басқа детальдар жасау үшін қолданылады. ....
Көпшілік қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтып шығу керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атау керек.
Қазақтың тойы ешқашан біткен емес. Тойдың болғаны жақсы. Көпшілік жиналған той-томалақта той иелері, яғни қыз берген жақ сезімге беріліп, тілек айта алмай жатады. Қобалжу бар, қимастық та жоқ емес. Әйткенмен, жұртты аузыңызға қаратқан тұста жүрегіңіздің айтқанын жеткізіңіз. Бәлкім, жүрегіңіз мынадай шумақтармен шабыттанар. Ендеше, бүгін сіздерге қызыңыз ұзатылып бара жатқанда айтар деп мынадай (авторлары белгісіз) жыр-шумақтарын ұсынып отырмыз.
Шаңырақтың шырағысың, шаттығы, Текті жердің тұяғысың, ақ гүлі. Мың жыл құда болуға да атты күн, Екі жасқа құдай берсін бақ бүгін.
Әке-шешең арнап отыр жыр-ағын, Кәусар, таза мөлдіреген бұлағым, Барған жерге судай сіңіп....