file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Нәресте күтімі

Өмірге жаңа келген нәрестені дұрыс күту-оның денсаулығының басты кепілі. Бала ауырмас үшін ана оның денесін таза ұстап, тамағын дұрыс беріп, дұрыс ұйықтата білуі керек.
Кіндігі түсіп, орны әбден жазылғаннан кейін, қайнаған жылы суға ( + 37 С) нәрестені күн сайын кешке жақын шомылдырған жөн. Бұл жағдайда ананың тырнағы өсіңкі болмауы тиіс, ол нәрестені шомылдырар алдында қолын сабындап жуып,
ваннаны ыстық сумен шайып алуы керек. Шомылдырғанда сәбидің кеудесін анасы сол қолының білегіне сүйеп, оң қолымен оның аяғын ваннадағы суға салады.
Нәрестенің құлағына, аузына, мұрнына су кетіп, көзіне сабын кіріп ашытпас үшін, ваннадағы судың деңгейі оның иығына жетер-жетпестей болғаны жөн.
Нәрестені шомылдырудан бұрын, бір ыдысқа оның бет-аузын шаятын қайнаған жылы су, екінші ыдысқа шомылдырып болған соң денесін шаятын (35—36°) су дайындап қойған жөн. Алғашқы күндері шомылдыратын суға аздап марганцовка қосады. Баланы суда 5—7 минуттан артық ұстауға болмайды. Нәрестенің терісі базданып кетпес үшін мойнына, қолтығына, шатына вазе¬лин немесе өсімдік майын жағады. Өсімдік майын 10—: 15 минут қайнатып, суытып, арнаулы ыдысқа құйып қоюы керек.......
Кеңестер
Толық