Тақырыбы: «Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісі Мақсаты: Ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегі кейіпкерлерін таныстыра отырып, сахналық қойылым арқылы балаларды ынталандыру. Әсемдікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, ортаға бейімдеу, ұжымдыққа енгізу, ұялшақтықты жою, эстетикалық талғамын арттыру. Керекті құралдар: кейіпкерлер костюмдері, қоянның үйі, дастархан, әуендер, қасқыр, аю, түлкі, тиін, кірпі, бұқа сыйлықтары.
Жүру барысы: Балалар шеңберге тұрып, ертегілер әуеніне би билейді. Слайд арқылы таныс ертегілерді естеріне түсіреді, кейіпкерлерін атайды. (алдар көсе, түлкі мен тырна, жеті лақ, жыл басына таласқан хайуанаттар, үйшік, түлкі мен қоян. т.б.).....
Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен. Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған,......
Тіліне сақ болудың қадірін, "үндемегеннің үйдей бəледен құтылатынын" жан жүрегімен түсінген хан баласы үнемі үндемей жүруді өзіне əдет етіп алыпты. Үнемі үндемей жүргені соншалықты əке-шешесі оны ауырып қалды ма деп уайымдай бастайды. Хан елдегі ең жақсы деген дəрігерлерді шақыртып, ем жасатады. Бірақ бұдан еш нəтиже болмайды. Содан күндерден күн өтіп, хан баласымен бірге аңшылыққа шығады. Жол жөнекей еш аң кездестіре алмай дал болады. Кенет бір бұтаның арасынан құстың даусы естіледі. Оқтаулы мылтығын дауыс шыққан жаққа қарай атып жіберген хан құсқа дəл тигізеді. Бұрқ етіп жерге құлаған құсты көрген бала еріксіз:"Үніңді шығарып нең бар еді, даусың жетті түбіңе" деп қалады.Мұны естіген əкесі баласының басынан періп жібереді. Сонда баласы:"Артық сөйлеп нем бар еді, тілім басыма таяқ боп тиді" деген екен.......
Иә, байлықтан гөрі бақытты болған дұрыс дейтініміз бар. Десек те, бақуатты өмір сүру әркімнің-ақ қалауы. Қалталылар санатына қосылу да әркімнің бір қолынан келе бермейді. Бірақ назар салар бір кілтипан бар.
Бірде шопанға «Сені патша қылсақ қайтесің» деп сұраса «Қойды жылқыға мініп бағар едім» депті. Деуіндей-ақ, осы мәселені тек әзіл ретінде қабылдағанымыз аздық етеді. Кедейлікте өмір сүргендердің көбі тағдырдың тарантасымен жүруді ең дұрыс шешім деп қабылдайтын көрінеді. Олардың ойынша, қанша қарекет қылғаныңызбен, қолдан келер дәрмен жоқ. Айта көрмеңіз! Егер адам өз өміріндегі оқиғаларға үшінші жақтан көрермен ретінде қараса, әрине дәл осы жағдай болмақ. Тіпті күрес жолына белсенді түрде шықсаңыз да, қиындық пен сәтсіздіктерге кезіккен сайын кері кету ойы да үдей түспек. Сонымен, мықты делінгендер ғана бұл сынақта үстем бола алады. Бай болуға деген қандай да бір әрекетке барсаңыз, біреу тоныңызды алып қалмайтынын да ұғу керек-ау, қалай қарайсыз?......
Тіліне сақ болудың қадірін, "үндемегеннің үйдей бəледен құтылатынын" жан жүрегімен түсінген хан баласы үнемі үндемей жүруді өзіне əдет етіп алыпты. Үнемі үндемей жүргені соншалықты əке-шешесі оны ауырып қалды ма деп уайымдай бастайды. Хан елдегі ең жақсы деген дəрігерлерді шақыртып, ем жасатады. Бірақ бұдан еш нəтиже болмайды. Содан күндерден күн өтіп, хан баласымен бірге аңшылыққа шығады. Жол жөнекей еш аң кездестіре алмай дал болады. Кенет бір бұтаның арасынан құстың даусы естіледі. Оқтаулы мылтығын дауыс шыққан жаққа қарай атып жіберген хан құсқа дəл тигізеді. Бұрқ етіп жерге құлаған құсты көрген бала еріксіз:"Үніңді шығарып нең бар еді, даусың жетті түбіңе" деп қалады.Мұны естіген əкесі баласының басынан періп жібереді. Сонда баласы:"Артық сөйлеп нем бар еді, тілім басыма таяқ боп тиді" деген екен.......
Алла Тағала адам баласына жамандық тілесін бе. Құран Кәрімде: «Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды», – деп шошқа етінің харам екенін ап-айқын көрсетеді. Дініміз рұқсат етпеген бұл жанурадың медициналық тұрғыдан да адам денсаулығына зияны шаш етектен. Өзіміздің төрт түлік малымыз тұрғанда, доңыз етін жей қоймаспыз. Бірақ доңыз еті қосылған шұжық, тағы басқа қоспасында харам мал еті кездесетін тағамдарды бас салып жемес бұрын мынаны есте сақтайық....
Қазақ даласы, оның ішінде Баянауыл өңірі, қашанда біртуар тұлғаларға кенде болған емес. Дегенмен, «жүйрікте де жүйрік бар, әліне қарай жүгірер» демекші, сол сом тұлғалардың арасында тәңірі өлшеусіз өнермен телегей теңіз білімдарлықты қатар сыйлап, ол аз десеңіз тылсым сырлы дүииенің сан қатпарлы құпия сырын көңіліне түйдіріп, ғайыптан болжап сөз айтар әулиелікті қатар сыйлаған санаты саусақпен санарлық дара тұлғалар бар. Олардың халқымыз-дың сан ғасырлық тарихынан алар орны тіптен ерек, тіптен бөлек.
Соның біз білетін бірі де, бірегейі де- Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Оны жұрттың дені ең бірінші кезекте ғайыптан болжап сөз айтқан, сол айтқандары әманда айна қатесіз келгем көріпкел әулие деп біледі. Бұлары заңды да.
Мәшекең көзі тірісінде зират үйін салдыртып, қабырын қаздыртып қойды.
— Мұныңыз қалай, артыңызда Аллаға шүкір ұрпағыңыз, қала берді өзіңізді құрмет тұтқан халқыңыз бар емес пе. Олай-бұлай бола қалсаңыз, ел қатарлы ақ жуып, арулап қоймай ма, -дегендерге: .....
Әйел - әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел - адамзаттың анасы. Әйел - тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел - бақа басты еркектің қосағы. Әйел - отбасының өзегі. Әйел - шаңырақтың шамшырағы. Әйел - Тәңір-Тағаланың мейірімінің сынығы. Әйел - нәзіктіктің қас үлгісі.
Қазақтың дүниетанымын оның тұрмыс-тіршілігімен айшықтауға болады. Оның ішінде әйел мен ердің мәртебесі де тұрмыс-салттағы дәстүрлі түсініктермен бағамдалады. Мәселен, Атам Қазақ: «Еркек үйдің иесі, әйел үйдің шегесі» деп, әйел мен еркектің ерік-міндеттерін дәлме-дәл көрсетеді. Яғни, көшпелі халықтың патриархалды түсінігінде еркек шаңырақ иесі саналса, әйел сол отаудың отын жағып, ошағын қайнатып, үйдің берекесін кіргізетін жан. Бұл туралы көне түркінің дүниетанымын тереңірек зерттеп жүрген Д.Кенжетай былай деп тұжырымдайды: «Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені бұл кеңістік (ғарыш) - әйелдікі. .....