Тарих | Наурыз мейрамының тарихи түп тамырына үңілсек

Наурыз мейрамының тарихи түп - тамырына үңілсек...
Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. Адамзат баласының өзін қоршаған ортамен қарым - қатынасы негізінде туындаған халықтық салт - дәстүрлер, діни әдет - ғұрыптар, маусымдық халықтық мерекелер және отбасылық той – томалақтар деп үш топқа бөлінеді. Діни әдет - ғұрыптарға өте ертеден қалыптасқан түрлі ырым - сырым, наным - сенімдермен бірге зороастризм, будда, шаман, ислам діндерінен енген рәсімдер жатады. Ал маусымдық мерекелерге жалпыхалықтық тойлар - жыл басы тойы - Наурыз, жаз тойы - Қымызмұрындық, күз мейрамы - Мизам (шопандар тойы мен сабантой), қыс тойы - Соғым енеді.
Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі үнемі сан ғасырлық наным - сенімі, таным – түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жинақталған салт - дәстүрлер аясында болады......
Ғылыми жобалар
Толық