Сәлем бергеннен кейін оқылатын дұға: «Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икрәәм». «Алла! Сен–сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті – Сенсің. Құдірет пен жомарт иесі, Раббым!
Әрқандай істі бастаудан алдын: «Бисмилләһир рахманир рахим»-ды айту қажет, Бисмилләмен басталған іс берекелі әрі оның соңы жемісті болады. Яғни, шайтанның жолы тарылады.....
Әрбір адам өзінің адал некелеп алған жарымен жыныс қатынас жасаудан алдын осы дұғаны оқыса, ол шайтанның азғыруынан құтылады: «Бисмилләһи, Аллаһумма жәннибнәш-шайтанә уә жаннибиш-шайтанә ма разақтана». Және сол қосылудан кейін пайда болған балаға шайтан зиянын тигізе алмайды. Қосылған соң, бой дәретін алу керек. Яғни, ғұсыл құйынып алу шарт.....
«Әт-тахият» дұғасынан кейін оқылатын салауат дұғасы: «Аллаһумма салли ‘ала Мухаммәдин уә ‘ала әли Мухаммәд. Кәмәә саллайта ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик ‘ала Мухаммадин уә ‘ала әли Мухаммад. Кәмәә бәәрәктә ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид». Я, Аллам! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем ет. Тура хазіреті Ибраһим және оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем еткеніңдей. Және Хазіреті Мұхаммед пен оның отбасын, ұрпағын мүбәрак ет. Олардың ырыс-берекетін ұдайы арттыр. Тура Хазіреті Ибраһим оның отбасын, ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. Күмәнсіз Сен – Хамидсің, мәжидсің. Яғни, барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән.
Ифтитах (бастау) тәкбірінен кейін құпия оқылатын «сәна» (мадақ) дұғасы: «Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала жәддука уә ләә-иләһә ғайрук». Я, Алла! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак және сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір құдай жоқ.
Азан дұғасы: «Аллаһумма рәббә һәзиһид-да’уатит-тәәммә уәс- салаатил-қааймә, әәти Мухаммәдәнил-уәсиләтә уәл- фадиләтә, уәд-дәрәжәтәр-рафии’а. Уәб’асһу мақамәм махмуудәниллази уа’аттәһ. Иннәкә ләә тухлифул- ми’ад». Мына толық азан мен оқылатын намаздың Раббы! Хазіреті Мұхаммедке арқау болуды, ерен ерекшелікті және жоғары дәрежені бер! Және де оны өзің уәде еткен «Махмуд шыңына» жеткіз. Сенің өз берген уәдеңді орындайтыныңа ешқандай күмән жоқ.
Құрбандыққа шалынатын мал тек Аллаһ үшін болуы міндет. Соятын адам малдың жүзін құбылаға қаратып аяқ-қолын байлап: «Бисмилләһ, Аллаһу Әкбар» айтып бауыздайды. Ескерту: соятын адам дәретті болып және пышағын жақсы өткірлеп алсын.....
1) Бір іске кіріскенде (мысалы, сауда-саттық, дихандар, немесе үй салу, т.б.) бұл дұғаның көп пайдасы бар: «Раббана атинә мйлләдункә рахматән уә хай-йъ ләнә мйн әмринә рашада» (Кәһф сүресі, 10 аят).....