Ел және Елбасы

 Сенім де талай түсті-аусергелдеуге
Сын аз ба халыққа серт берген Ерге
«Елім» деп шырқаған өзіңізді
Ұқсатам Күлтегендей кемеңгерге.
Жадыра Дәрменбаев
«Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол», деп ұлы Абай атамыз айтқанындай ,қарапайым қазақ отьасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге.
Адамзат баласына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанамын да, мақтанамын да!......

Шығармалар
Толық

Ақтөбеде жолдасы алты баламен тастап кеткен ана өлместің күнін кешіп жүр (фото)

Ақтөбеде алты балалы жалғызбасты ана өлместің күнін кешіп жүр. Келіншек балаларын асырау үшін емізулі баласын тастап, ертеден кешкен дейін еден жуады. Ал жолдасы ішімдікке салынып, алты баласымен тастап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Түнімен телефоннан көз алмайтындар назарына

Британдық дәрігерлер смартфонды қараңғыда қолдану уақытша көруден айыратынын айтты. 22 және 40 жастағы екі келіншек көз жанарларының кейде 15 минут көлемінде көрмей қалатынын айтып шағымданған. Аурудың белгісі туралы New England Journal of Medicine журналында жарияланды.

Мұндай жағдайда бір көз жарыққа, екіншісі қараңғыға үйреніп қалады. Смартфонды сөндірген кезде жарыққа үйреніп қалған көз біраз қараңғыны қабылдай алмай қалады. Уақытша көрмей қалудың басты себебі – осы.

Көз жанардың әр түрлі адаптациясынан болатын жайсыздықтан сақтану үшін, дәрігерлер қараңғыда смартфонға екі көзбен бірдей қарауға кеңес береді. ......
Кеңестер
Толық

Педагогика | Қазіргі кездегі оқу мекемелеріне сипаттама (гимназия, лицей, колледж)

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Осыған орай мектепте 2—11 сыныптар арасынан қырық бес оқушы "Қабілетті оқушылар" қатарына іріктеліп, картотека жасалған. Картотекадан жеке оқу туралы толық мәліметтер алуға болады. Оларға кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдер жетекшілік етеді. Жетекші мұғалімдер арнайы бағдарлама түзіп, оқушы мектеп бітіргенше тұрақты жұмыс жасайды.
Білім мен сенім — егіз. Қазіргі кезде көп жерде айтылып жүрген "Ауыл мектебіндегі білім нашар" деген көзқарас ауыл балаларының психологиясына кері әсер етеді. Оның үстіне ауыл балаларының ұяң болып келетіні тағы бар.
Әрине, қаламен салыстырғанда ауылда ақпарат көздері аз, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы бүгінгі өміршең талаптарға сай келе бермейді. Алайда білімді де білікті мұғалімдср мен ата-аналар бар жерде қандай қиындықты да жеңуге болады. Мектебімізде жоғарыда айтылғандай түрлі шараларды ұйымдастыра отырып әрбір баланың біліміне, ерік-жігеріне деген сенімін қалыптастырып келеміз. Өйткені, біз бүгін әлемдік мәдениет пен білім беру кеңістігіне кіріскен ашық қоғамда өмір сүрудеміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Өркениетті қоғамға тән толыққанды тұлға тәрбиелеудің негізгі алтын діңгегі — ата-ана, өскен ортасы, өмір сүріп жатқан қоғамы. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қазіргі кездегі оқу мекемелеріне сипаттама (гимназия, лицей, колледж)

Кіріспе
Өзектілігі: Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Осыған орай мектепте 2—11 сыныптар арасынан қырық бес оқушы "Қабілетті оқушылар" қатарына іріктеліп, картотека жасалған. Картотекадан жеке оқу туралы толық мәліметтер алуға болады. Оларға кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдер жетекшілік етеді. Жетекші мұғалімдер арнайы бағдарлама түзіп, оқушы мектеп бітіргенше тұрақты жұмыс жасайды.
Білім мен сенім — егіз. Қазіргі кезде көп жерде айтылып жүрген "Ауыл мектебіндегі білім нашар" деген көзқарас ауыл балаларының психологиясына кері әсер етеді. Оның үстіне ауыл балаларының ұяң болып келетіні тағы бар.
Әрине, қаламен салыстырғанда ауылда ақпарат көздері аз, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы бүгінгі өміршең талаптарға сай келе бермейді. Алайда білімді де білікті мұғалімдср мен ата-аналар бар жерде қандай қиындықты да жеңуге болады. Мектебімізде жоғарыда айтылғандай түрлі шараларды ұйымдастыра отырып әрбір баланың біліміне, ерік-жігеріне деген сенімін қалыптастырып келеміз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Балалары жиі ауыратын аналардың назарына

«Балам ауырғанша, өзім ауырсам...» дегенді аналардың аузынан жиі естиміз. Баланың ауырғаны ана үшін үлкен азаппен тең. Ауырған баласы қатарына қосылғанша ананың жүйкесі де тозып, бар уақыты мен ақшасы да аурумен «күреске» кетеді. Ал бала жиі ауыратын болса, бұл ауыртпалық бірнеше еселенетіні анық.
Әдетте, қатарластарынан жиі ауыратын балалардың есімдерін педиатрлар арнайы топқа, яғни жиі ауыратын балалар тобына кіргізіп жатады. Ал аналар не істеу керек?
Аналар төменде тізілген 10 қағиданы естерінде ұстап, балаларын бұл топтан шығарып алулары керек.

Бөлмесін дұрыс жабдықтаңыз
Баланың өз бөлмесі болғаны жөн. Егер ондай мүмкіндік болмаса, балаңыз ұйықтайтын және уақытының көп бөлігін өткізетін бөлмеде артық заттардың болмауын қадағалаңыз. Айталық, шаң басып тұратын кітаптар, жұмсақ ойыншықтар, тағысын тағы. Мұндай ұсақ-түйектің барлығын беті жабылатын қораптарға салып, күнделікті олардың шаңын сүртіп тұру қажет. Сондай-ақ ойыншықтарының бәрі жуылатын болғаны жөн. Ал таңертең ұйқыдан тұрғанда және кешке жатар алдында бөлменің ауасын тазартып, терезені ашып, таза ауа кіргізу керек. Сонымен қатар күнделікті бөлмені тазалап, дымқыл шүберекпен шаңын сүрту маңызды. ......
Кеңестер
Толық

ЕР ЖІГІТТІҢ НАЗАРЫНА

1.Ердің екі сөйлегені-өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр.
2. Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын.
3. Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал.
4. Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс
5. Таспен атқанды аспен ат- жеңісің! Содан кейін алшақ жүр.
6.Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.
7. Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.
8. Өзіңді сыйла. Өзгелер сыйласын.
9.Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер.
10. Құмар ойын - әлсіздің әлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр.
11.Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа.
12.Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.
13. Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр.
14. Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді.
15. Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.......
Кеңестер
Толық

Саясат | Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессионалды саясаты

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың рухани, мәдени құндылықтарын сақтауға ерекше назар аударылды. Әр ұлт әлемдік өркениеттің қазынасына өз үлесіне қосты. Өйткені ұлттың байлығы оның санымен өлшеуге болмайды. Қазақстан осы әлеуетті сақтауға және дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан тек полиэтникалық емес көп конфессиялы мемлекет. Біздің елімізде 130 ұлттың, 46 конфессяның өкілдері тату тәтті өмір сүруде. Республика халқының 60 – тан астам пайызын құрайтын мұсылмандармен қатар провославия, протестант, буддизм, котолик, т. б. әлемдік діндердің өкілдері тұрады. Мемлекет басшысы атап айтқандай, көпконфессиялылықтың өзі біздің қоғамдық - саяси тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін негізгі фактор, өйткені барлық діндердің негізінде іс жүзіндегі бір ғана адамгершілік принцип жатыр. ол: адамға деген сүйіспеншілік, адасқан жандарға кешіріммен қарап, дұрыс жол көрсету, пікір алуандығына сабырлылықпен қарау, басқаша айтқанда, жаратушының бар екеніне сенетін барша Қазақстандықтар бірдей дәрежеде төзімді, бейбітшіліксүйгіш және ізгі ниетті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына біздің қол жеткізген ең үлкен жетістігіміз осы......
Ғылыми жобалар
Толық

Елбасы жомарт

- Елбасы жомарт

Бар халықты басқарған.

- Не жомарт?

- Ай мен жұлдыз жомарт

Қараңғыдан сақтаған.

- Кім жомарт?

- Ата-ана жомарт

Бар баласын асыраған.

- Не жомарт?

- Көктем жомарт

Табиғатты оятқан.

- Кім жомарт?

- Ұстаз жомарт

Бар шәкірке мейірім төккен.

Тақпақтар
Толық