Информатика | Мәтіндік файлға мәліметтер жазу

Кіріспе
Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцрия физигі Niklaus Wirth ұсынған.Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап , тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.Кейінен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Кейінен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді.Солардың ішінде 1983 жылы Борланд корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі Turbo Pascal программалаушылар арасында жоғарғы сұранысқа ие болды.
Бейсик тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі
Turbo Pascal программалау тілінің басқа тілдер сияқты өзіне тән алфавиті бар.
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі − Паскаль. Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | МӘТІНДІ ӨҢДЕУ

КІРІСПЕ
Ms Word – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы. Ол – мәтіндік және графиктік мәліметтерді өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.
Мәтіндік информацияны енгізу, теру және өзгерту үшін мәтінді өңдеудің арнайы жүйесі қолданылады (оларды әдетте мәтіндік редакторлар деп атайды).
Мәтінді ЭЕМ – де өңдеудің артықшылығы – информацияны өзгерту, көбейту және көшірп жазудың жеңілдігі. Үлкен мәтінге өзгерістер енгізгенде оның негізгі бөлімі өзгеріссіз қалады да өзгерістер мәтіннің өзгерілетін шағын бөлігіне ғанга енгізіледі. Егер мәтіннің үзіндісі ЭЕМ – нің зердесіне енгізілген болса, онда оны қайтадан енгізбей – ақ, басқа мәтіндерге көшіріп жазуға болады. Мәтін енгізілгеннен кейін, қанша уақыт өтсе де кез келген уақытта оның жаңа көшірмесінің қажетінше бірнеше данасын басып шығаруға болады.
ЭЕМ мәтінге қолданатын амалдарды автоматтандыруға мүмкіндік береді, мысалы, бүкіл мәтіндегі бір сөзді басқа сөзбен ауыстыруға, мәтіннің қажет үзіндісін немесе белгілі бір суретке сілтемелердің барлығын оңай табуға мүмкіндік береді.
Мысалы, мәтінге қосымша бір – екі сөз қосып жазу керек болсын, онда бүкіл мәтін қалқып кетеді, бұрын бір жолдан екінші жолға тасымалданып жазылған сөздер енді жолдың ортасында болуы мүмкін, ал жол ортасындағы сөз – жолдың шетіне ауысуы мүмкін. Жаңа сөздер қосылғаннан кейін «тегіс» мәтін алу үшін сөздердің жаңадан орналасу жағдайын есептеп, олардың жолдары бойынша орналастыру қажет. ....
Курстық жұмыстар
Толық