Мұхтар Шаханов (Уақытша жеңістер)

Ғасыр буаз болмаса да әділдікке желіндеп,
Қай кезде де Жеңіс даңқы екі топқа бөлінбек:
«МӘҢГІ ЖЕҢІС» және «БАРЛЫҚ УАҚЫТША ЖЕҢІСТЕР».
Күш жоқ осы заңдылықты тайдыра алар өрістен.....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Қасқыр аулаушылар қулығы және саразбан сабағы)

Есугей елесі
Мен әкеңмін. Есугеймін...
Қатал-дүлей тағдырының қасіретіне қамалған.
Мен әкеңмін...
Әлде мүлдем өшірдің бе санаңнан?
Шыңғыс хан ( таңдана)
О, Тәңірім, өңім бе бұл, түсім бе?
Тұрғандаймын қалың тұман ішінде.
Тірлік неткен түсініксіз майдан бұл?....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Құрметсіз шыншыл тұлғалар немесе Түрік қағанатының құлауы)

Отырардан ағып шыққан дариялардың ұлысы,
Құрметпен даңқ төріндегі
Күллі қазақ жеріндегі қариялардың ұлысы,
Үміт-түлкі зып берсе де,
Сыртта есейіп, сыртта өлсе де,
Туған елден бөлінбеген ой-санасы, тынысы,
Шыншыл — қатал тағдырынан нәр алған әр ұлы ісі ....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Наурызға ода)

Қанша ғасыр сән берген даламызға
Өзгеше бір әні едің байтақ елдің,
Сәлем, Наурыз!
Сен біздің арамызға
Алпыс екі жылдан соң қайта келдің.
Сен ең көне жырысың санамыздың,....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Махаббатты қорғау)

Бiз екеумiз жолықтық,
Бipaқ тым кеш жолықтық,
Достасудан от тұтап, қоштасуға қорықтық.
Маған құйды жарығын сенiң көңiл-терезең,
Арқамызда - құзар шың,
Алдымызда - өр өзен.
Өр өзеннен өтуге кiм бередi қайықты,
Кiм бар бiздi түсiнер, қане, кiм бар байыпты?....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Мәңгүрттенбеу марсельезасы)

Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған,
Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған.
Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде,
Ана тілің шетте қалды, орын жетпей төріңде.
Қайырмасы: Өмір, өмір, өмір, өмір, өмір-ай.......
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Үнсіздік)

Бір танысым қонаққа шақырды да,
Топ адамның көзінше
Пікір пішіп өзінше,
Көңіліңді елемей аппақайдың,
Досым, сені жатып кеп даттады-ай бір.....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Отырар қаһармандығы немесе жеңiлген жеңiмпаз туралы дастан)

– Даңқың қайда төске өрлеген?
Екi жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау –
Ойы – дауыл, сезiмi – аспан,
Тек жеңiспен көзiн ашқан
Менiң алғыр ұрпағымның сүйегiне зор таңба,
Намысыма сызат түстi мына сенiң арқаңда, –
Деп Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзiн қадады.....
Өлеңдер
Толық