Әдебиет | Мұхаммеджан Тынышбаевтың балалық шағы мен қызмті

Тынышбаев Мұхаммеджан ( 12.5. 1879 жылы бұрынғы Жетісу облысы Лепсі уезінде Мақаншы Садыр болысы – 1938 , Ташкент ) –– Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері , тарихшы ғалым , қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері. 1900 ж Верныйдағы ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітірген. Гимназияда оқып жүргенде Тынышбаев өзінің ізденімпаздығымен жан-жақтылығымен ерекшеленіп, 1899 жылы Верный қаласында өткен А.С. Пушкиннің 100 жылдық мерей тойында баяндама жасады. Гимназия директоры Жетісу облысы әскери губернаторына жолдаған өтінішінде Тынышбаевты « тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі » екендігін мәлімдеп жоғарғы оқу орнында білім алуына арнайы степендия бөлуді сұрады . 1900 жылы жол қатынасы институтына түсіп, 1906 жылы бітіреді. Студент кезінде қоғамдық саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде отарлық сынайтын мақалалар жазып , патша өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт насихат жүргізді. Патша үкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына ат салысады. 1905 жылы қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, сөз сөйледі. Ол сөзінде патша өкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып , ендігі уақытта ұлттық езгідегі халақтарға автономия берілуін талап етті. Институтты бітірген соң инженер маман ретінде Орта Азия темір жол құрлысына жіберіледі. 1907 жылы Екінші мемлекеттік Думаға депутат болып сайланады және онда агрокомиссия құрамында қызмет етеді . Дума таратылған соң Орта Азия темір жол құрлысына айрықша өкіметті нұсқайшы инженер болып тағайындалып , Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысады.1922 жылдан Түркістан АКСР –сі су шаруашылығы басқармасында , Ташкентте жер суландыру бөлімінде , Қызылорда қаласының құрылыс- жөндеу жұмыстарында , Жетісу губерния атқару комитетінің жол бөлімінде еңбек етіп , өзін білікті инженер маман ретінде таныта білді . 1927 жылдан Түркістан – Сібір темір жол құрлысында еңбек етті. Тынышбаевтың кәсіби шеберлігі Түркісіб құрлысын салу барысында айрықша танылды. Осы еңбектеріне қарамастан Тынышбаев кеңестік биліктің қуғын-сүргініне ұшырап, Түркісібті салып жатқан кезінде 1930 жылы тамыздың 3- інде тұтқынға алынады. Оған « тап жауы » « буржуазияшыл ұлтшыл » деген айып тағылды. Кейінгі жылдары үнемі бақылауда болған ол , ақырында кеңестік саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болады. Алматы қаласындағы Қазақ көлік және комуникация академиясына, көшеге Алматы облысы Сарқант ауданының бір ауылына Тынышбаев есімі берілді. ....
Рефераттар
Толық