Дінтану | Мұхаммед - ислам меи халифаттың негізін салушы

Әлемде үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады. Олар: будда діні, христиандық және ислам діні. Ислам бұлардың қатарындағы жаңа әрі жас дін. Бүгінде жер жүзінде шамамен бір миллиард жүз жетпіс мыңдай адам осы дінді ұстанады. XX ғасырда ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті. Бұл біріншіден, ислам діні тараған региондардағы демографиялық жағдайдарға байланысты болса, екіншіден басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда адамдардың ислам жолына бет бұруынан болып отыр.
Ислам араб тілінен аударғанда "бой ұсыну" деген мағынаны береді Ислам және мұсылман (муслимун - бой ұсынушы ерлеру муслиматун - бой ұсынушы әйелдер) сөздерінің түбірі бір.
Ислам - монотеистік дін. Ол мейірімді және қайырымды Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Бүкіл әлемді - көк пен жерді жаратушы – Алла. Барша әлем тек соның хұзырында. Алла болмаса әлем сол сәтінде жоқ етілер еді. Адам баласының фани (жалған) дүниеде жасаған жақсылық, жамандығын таразылаушы, заманның ақырыңда оларға осы қылықтарына қарай рахым жасаушы немесе жазалаушы бір Алла. Барлық өлгендер заманақырда қайта тіріліп, соның алдына жауапқа келеді. ....
Рефераттар
Толық