Мұстақым

Ертеде Мұстақым деген бай болыпты. Оның еркек баласы болмапты. Он бес жасар әйел баласы болыпты. Байдың байлығы сондай асқан, басқа түгіл патшаға да жеткен. Бай сапарға бір шыққанда отыз қоспен шығады екен. Бір-бір қоста отыз мың сом сауда істейді екен. Күндердің күнінде көп жолдастары бар отыз қоспен саудаға шығыпты. Түстік жерге барып қоныпты. Түсте екі малшысы суға бара жатқанда қалың шөптің арасынан бір адамның қу басын көріпті. Ол қу басқа қараса, екі көзінің ішінен екі көк шөп шыққан. Әлгі екі малшы тамашалап, «қалай шыққан» деп қарап, су алып қайта қайтқанда басты айналдырып......
Ертегілер
Толық