Туған өлкем - Атырау Көне тарихтың қай бетін ашып қарасаңыз да , халқымыз тыныштық пен татулықты ең бірінші мақсат етіп қойып келген . Бұған халық арасындағы "Бірлік бар жерде тірлік бар" "Ырыс қайда барасың - ынтымақққа барамын" "Төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген дана сөздер дәлел. Қасиетті де қазыналы өлке, ару қалам Атырау – менің ата - бабамның мекені.
Пән: Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көмірсутектер. Отын Сабақтың тақырыбы: Мұнай. Оқу мақсаттары: 9.4.3.17 - мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерін қолдану аймағын атау Сабақтың мақсаты: «Мұнайдың» анықтамасын қалыптастыру Мұнай фракцияларын атау Фракциялардың реті мен фракцияға бөліну себебін түсіндіру Мұнай өнімінің атауын түсі мен агрегаттық жағдайы бойынша анықтау .....
Пән: Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көмірсутектер. Отын Сабақ тақырыбы: «Мұнай және мұнай өнімдері» Сабақтың мақсаты: Мұнайды фракцияларға бөлу Мұнай фракцияларын атау Шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарына қарай жіктеу Оқу мақсаты: 9.4.3.17- мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын білу;.....
Республиканың жаңа байлығы мұнай мың жылдан артық уақыт адамзатқа тек жарық және ем ретінде керек болды. Сүзек ауруын, қотырды және түйелердің қышымаларын емдеуге пайдаланылып жүрді. Жер астынан шығатын мұнай газдары көп уақыт сөнбейді де, оны Кавказдың, Иранның, тағы басқа жерледің тұрғындары отқа шоқыну ретінде қолданған болатын. Мұнайдың жылу беру қасиеті көмірден жоғары. Бір тонна мұнай 1,3 тонна антрцитты, 3 тонна көмірді, 3,3 тонна торфты және 7 тонна тақта тасты, синтетикалық аммияк, лак, әр түрлі мұнай майларын, парафин, жарылғыш зат-нитроглицерин, тағы басқа көптеген заттар алынады. ....
“Теңізшевройл” ЖШС-ны құру туралы Қазақстан Республикасы мен “Шеврон” компаниясы арасындағы келісімге 1993 жылғы 2 сәуірде қол қойылды. Содан үш күннен кейін-ақ, 6 сәуірде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шығып, онда келісім және ТШО қызметіне байланысты шарттар мақұлданды. ТШО-ға көмірсутегін барлау мен өндіруге лицензия 40 жыл мерзімге берілген. Республикамыз¬дың тарихында бұдан “ұзын” келісім-шарт жоқ шығар деп ойлаймын. Бұл тұрғыда қарама-қайшы пікірлер бар, бірақ та бір жәйтке ешкім де дауласа алмасы анық: бүгінгі күнге бұл инвесторларға инвестиция¬ларды жоспарлауда белгілі бір еркіндік, ал Қазақстанға тұрақты бюджеттік түсімдерді қамтамасыз ететін еліміздегі ең тұрлаулы келісім-шарт. ТШО қызметінің негізгі түрлері Атырау облысындағы Теңіз және Королев кен орындарында көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру және сату болып табылады. Қаты¬сушы әріптестер бүкіл әлемге танымал трансұлттық халықаралық “Шеврон” (50%) және “ЭксонМобил” (25%), “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ (20%) және “ЛукАрко” компаниясы (5%). Қазіргі таңда ТШО Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін ең ірі компания болып табылады, оның үлесіне елімізде өндірілетін мұнайдың 20%-дан астамы келеді. 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде барлығы 125 млн. тоннадан астам мұнай өндірілген. – Парламент депутаттары “Теңізшевройл” ЖШС қызметінен келетін бюджеттік түсім¬дердің көлемі туралы мәселені қайта-қайта көтеріп жатады. Осыған байланысты біз өткен жылдың қаржылық көрсеткіштері туралы нақты да дәл ақпарат алғымыз келер еді. – 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі күрделі салымдар көлемі 10 млрд. АҚШ долларынан астам болды. Бұл айтарлықтай ірі сома және Теңізді сол кезде көрген және бүгін оның қандай болғанын білетін кез келген адам салымдардың тиімділігіне көз жеткізе алады. Бұрынғы кеңестік бұрғылау орындарында Теңіздің ауыр мұнайын өндіру және өңдеу жөніндегі жоғары технологиялық орталық пайда болды. ТШО қызметінің басынан бері салықтар мен роялти түрінде мемлекеттік бюджетке 9 млрд. доллардан астам қаржы, соның ішінде корпоративтік табыс салығына 3,8 млрд. доллар және роялтиге – 4 млрд. доллар төленген. Тек 2006 жылы ғана ТШО бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түрінде 2,5 млрд. доллардан астам қаражат төлеген. – БК-ның қазірдің өзінде іске асырылған жобалары туралы не айтуға болады? Олардың тиімділігі қандай? – Өндірістік технологиялық желілер құ¬ры¬лысына, зауыт құрал-жабдықтарын және тиісінше инфрақұрылымды жаңғырта жаңар¬туға әріптестер күрделі салым түрінде іске асырған инвестициялар өндіру көлемін 1993 жылғы 1,5 млн. тоннадан 2004-2006 жылдар¬ғы 13,5 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкін¬дік берді. Бұл еуропалық сападағы сұйытыл¬ған газ өндірісін жолға қоюға, атмосфераға шығатын қалдықтарды және газды факелде жағуды әлдеқайда азайтуға, қалдықтарды кәдеге жаратуды жақсартуға жағдай туғызды. ....
Жер шарының шамамен 3/4 бөлігін үздіксіз шетсіз-шексіз су қабаты - әлемдік мұхит алып жатыр. Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік жеке су мен атмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін әлемдік мұхиттың бөліктерін мұхит дейміз. Мұхиттар теңіздерге, шығанақтарға және бұғаздарға бөлінеді.
ТЕҢIЗ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ҚОРЛАР ДАУЫ
Жердi бөлiсе алмай таусылған кейбiр елдер ендi мұхит пен теңiз түбiне таласуда. Өйткенi, сарқылуға айналған табиғи ресурстардың игерiлмеген бөлiгi судың астында сақтаулы. Жер бетiндегi түгелiсiп бара жатқан табиғи ресурстар үшiн күрес қыза түскен. Мұнай мен газ, бағалы және түрлi түстi металл, тасымал жолдары шектеулi көмiрсутегiлер әлемдiк саяси сахнаның күн тәртiбiне шықты. Кремль дайындаған “Ұлттық қауiпсiздiк стратегиялары” атты құжатта әлемдiк қорлар жолындағы тайталас Арктика, Таяу Шығыс, Баренцево мен Каспий теңiздерi, Орталық Азиядағы көмiрсутегiлерге бай мемлекеттерде орын алуы мүмкiн екендiгi айтылған. Халықаралық агенттiктер тарапынан ұсынылған деректерге сүйенсек, алдағы 10-15 жылда Жер шарында табиғи ресурстарды иемденудi көздейтiн күрес жиiлейдi. Өйткенi, жұмыр Жерге бұйырған мұнай мен газдың игерiлмеген бөлiгi (100 миллиард баррель) Солтүстiк Мұзды мұхиттың түбiнде жатыр. Қазiргi кезде миллиардтаған “қара алтынға” қожалық ету құқығына АҚШ, Дания, Норвегия, Канада мен Ресей таласуда. Тiптi, АҚШ, Канада мен Ресейдiң мұхит жағалауына тұрғызған әскери қалашықтары бар, ал қарулы қақтығыстарға дайын тұрған әскери қару-жарақтар кез келген сәтте берiлуi мүмкiн бұйрықты күтiп, қаңтарылған. Орыстар әскери-теңiз күшiнiң үштен екiсiн солтүстiк бөлiкке шоғырландырса, оларға қарсы Құрама Штаттардың әлемдi айбынымен ықтырған Екiншi флоты тұр. Мамандардың көпшiлiгi алдағы онжылдықта Жер шарында болмаған ең сұрапыл соғыс осы энергоқорлардың соңғы сарқыны сақталған Солтүстiк Мұзды мұхиттың төңiрегiнде болатынын айтады. Ресми деректерге сүйенсек, Арктиканың жағалауына жататын 5 мемлекет – АҚШ, Канада, Дания, Норвегия мен Ресей тек өздерiне тиесiлi жағалауда 200 мильге ғана иелiк етсе, мұхиттың қалған бөлiгi ешкiмнiң қожалығында емес. Мұхиттың бөлiгiн барынша молынан қарпып қалуға тырысқандарға БҰҰ тарапынан талап қойылды: егер мүдделi мемлекеттер мұхиттың өзге бөлiгiндегi елмен шектесетiн шекараларды анықтаса, мұхиттағы қосымша бөлiкке ие болады. ....
Кіріспе Курстық жобаның мақсаты технологиялық процестерді бақылау мен басқару құралдарына сүйене отырып автоматтандыру жүйесін құрастырғанда, жетілдіру және толықтыру. Технологиялық процестерді басқару мен бақылау үшін сезгіш элементтерден келіп түсетін сигналдарды дер кезінде керекті басқару құралдарына жеткізу керек. Сол үшін технологиялық параметрлерді қабылдайтын сезгіш элементтерді дұрыс таңдап, сол процестерді басқаруға керекті деп таңдап алынған контроллерлерге жеткізу курстық жобаның негізгі мақсаты. Технологиялық процестерді толық жетілдіре түсу және оны басқару өндірістік объектілердің тиімділігін арттыра түседі. Сонымен қатар, автоматты түрде өндірісті басқару үшін электронды есептеу машинасының алатын орыны бөлек. Микро-электронды есептеу машинасының көмегімен объектіде болып жатқан шексіз мәліметтерді өңдей отырып, технологиялық процестерді ең жаксы, үйлесімді жүйеге келтіруге болады. Бірақ мұны іс жүзіне асыру көптеген жағдайларға байланысты болып келеді. Мысалы, объектіден келіп түсетін мәліметтерге, сезгіш элементтердің дәлдігіне, өлшеу құралдарының күйіне сонымен қатар, объектіде болып жатқан құбылыстар туралы белгі беретін кұралдарға байланысты болады.....
Кіріспе Кез келген елдің экономикасын басқару процесі мемлекеттің әртүрлі экономикалық сфераларға әсер етумен байланысты. Мемлекеттің әсер етуінің негізгі мақсаты: елде экономиканың тұрақты өсудің нәтижелері, қызмет көрсету және тауарларға тұрақты бағаны қамтамасыз ету, халықтың еібекке жарамдылығы, халықтың өмір сүрү деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз ету. Бұл мақсаттар өзара байланысты және оларға бір уақытта жету мүмкін емес. Экономиканы басқару тепе теңдігінің нәтижелері мемлекеттің экономикалық саясатының негізі болып табылады. Мемлекетті реттеудің негізгі құралдарының бірі- салықтық саясат болып табылады. ҚР-ның салықтық саясаты елдің территориясындағы жеке және заңды тұлғалардан, яғни төлеушілерден алынатын салықтар,жинақтар т.с.с төлемдер жинағы болып табылады. Барлық салықтар, төлемдер,жинақтар т.б төлемдер Қазақстанның бюджет жүйесіне түседі және мемлекеттің ақшалық табысын құрайды. Мемлекетте жинақталған құралдар әлеуметтік, қорғау,құқықтық қорғау және т.б. қызметтерді орындау үшін керек. СССР кезінде мемлекеттік кәсіпорындарын алынған төлемдер салықтық мінездемеге ие болған жоқ. Қазақстанда нарықтық өзгертулерді жүзеге асыру нәтижелерінде салықтық қызметтерді құруға әкеп соқты. Мұнда салықтық және төлемдер жүйесі арқылы экономикаға әсер ететін мемлекеттік қаржылық механизм болып табылады.....
КІРІСПЕ Мұнай және газ еліміздің қалық шаруашылығында маңызды міндет атқарады. Ауыр индустрияның дамыуы, бірінші кезекте олардың отын-энергетикалық комплексі сияқты базалық саласы, бүкіл қалық шаруашылық мәселелерін болашақта шешетіні сөзсіз. Академик Е.Велиховтың пікірі бойынша, болашақтағы энергия тұтыну қабылдаудың өсуінің көп бөлігін жабатын, кемінде XXI – ғасырдың бірінші жартысында., отының негізгі түрлері болып табиғи газ, мұнай және көмір табылады. Казіргі кезде 23% құрайтын, әлемдік энергобаланста табиғи газдың үлесі жаңа ғасырдың бірінші тоқсанда 30% дейін көтерілмек. Көмірсутекті шикізат-энергетика көзінің негіздерінің бірі-еліміздің энергетика балансы жүйесінің үштен екісін алады. Елімізде 1988 жылға дейін мұнай және газ өнеркәсібі өте жылдам қарқындылықпен дами бастаған. Егер 1940ж. СССР-да 31,1 млн.т. мұнай және 3,2 млрд. м3 газы өндірілсе, онда 1960 жылы мұнай өндіру 147,9 млн.т. құрады және 45,3 млрд. м3 газы өндірілсе, онда 1960 жылы мұнай өндіру 147,9 млн.т. құрады және 45,3 млрд. м3 газ өндірілді, ал 1982 жылы мұнай өндіру деңгейі 624 млн.т. және газ өндіру 770 млрд. м3 –ге жетті. Оның ішінде 569 млн.т. мұнай мен 616 млрд.м3 газ Pоссияда өндірілген.....