Әдебиет | МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ

Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айрығына келген қазақ өмірінің барлық әні мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны Мұхтар Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.
Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы — бұл ұлы қаламгер дарынның толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енеді.
«Абай», «Таң», «Шолпан» журналдарында жарияланған алғашқы әңгімелері мен зерттеу мақалаларынан, повестері мен драмалық шығармаларынан-ақ өзін қалыптасқан қаламгерлік жазу өрнегі, белсенді азаматтық бет-бағдары мен пікір толғамы бар сөз зергері ретінде бар даусымен мәлімдеді. ....
Шығармалар
Толық